ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






14.03.2018
Астанаға – 20 жыл

2018 жылғы 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері Астананың 20-жылдық мерейтойын қарсаңында Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өткізген «Астана – мақтанышымыз» атты шараға қатысты (ПВ-11 және ДСП-11 топ).

Іс-шараның мақсаты: Студенттерге еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру, оның көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық-географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын, әлеуметтік-экономикалық күрделі жаратылыс.

Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарауда.

Подробнее
14.03.2018
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмы жылдығы» атты бірыңғай ақпараттық сағат

2018 жылғы 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмы жылдығы» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.

Студенттермен кездесуге Сотүстік Қазақстан көлік прокуратурасының аға прокуроры Ж. Н. Айткулина шақырылды, кездесу барысында студенттер оларды қызықтыратын сұрақтарды қойды.

13.03.2018
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес əлеуметтік бастамасы” атты халыққа үндеуі

2018 жылғы 5 наурызда Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысы өтті. Оның барысында Президентіміз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

«Мен халқымның өз келешегіне сеніммен қарауы үшін еңбек еттім, қазір де, болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін. Сол себепті, мен бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасынан жаңа əлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын. Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды! Бұл – біздің қоғамның əлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сəт. Біз оны ауқымды əлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз», - дейді Нұрсұлтан Əбішұлы.

Елбасы əлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы белгіледі. Олардың қатарында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз ету мəселелері бар.

Мемлекет басшысының жаңа үндеуін халық жылы қарсы алды.

2018 жылғы 13 наурызда Бəйкен Əшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқу залында облыстық мəслихат депутаты, “Петропавл қаласы жастар ресурстық орталығы” КММ жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы Старостина Екатеринамен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Президенттің бес əлеуметтік бастамасы” атты халыққа үндеуі талқыланды. Колледжд атынан жастар мəслихатының депутаты, “Есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының IV курс студенті Аманжолов Азамат баяндама оқыды.

Подробнее
13.03.2018
«Абыройлы ұстаз» акциясы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы барлық қоғамның арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетінің деңгейін қалыптастыруды көздейді.

Бəйкен Əшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған, «Абыройлы ұстаз» атты акциясына белсене қатысып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа теріс қатынасын білдірді.

Осындай патриоттық іс-шаралар студенттердің дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға көмектеседі, ал мемлекеттің оң саясаты қоғамдық сананы жаңғырудағы маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мəселе əрқашан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарында. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.

Подробнее
13.03.2018
«Тәуелсіздіктің негізі – еліміздің ордасы» атты сынып сағаты

2018 жылғы 13 наурыз күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ж.С. Мусина «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру мақсатында «Тәуелсіздіктің негізі – еліміздің ордасы» атты сынып сағатын өткізді.

Шараны өткізуде Э-21 топ студенттері қатысты. Сынып сағатының мақсаты: Астана еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін айшықтайтын бірден-бір белгі екені туралы түсінік беру. Әлемге тәуелсіздігін жариялаған жас мемлекеттің өміріндегі ең елеулі оқиға туралы мағлұмат беру.

Астана – халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қала. Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес,ең алдымен, қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті. Астана қаласының Тәуелсіздіктің жемісі екендігін айқындайтын дәлелдің бірі әлемдік деңгейдегі сәулет кешендерінің бой көтеруінде. Жас қала Астана бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілді. 2017 жылы елордамыздың беделін жоғарылатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесі өтті.

Подробнее
Страница 380 из 460