2018 жылғы 14-19 наурыз аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Наурыз мейрамы қарсаныңда жалпы гуманитарлық пәндердің апталығы өтті.
14 наурыз күні Тоғыз құмалақ, Асық ойнау ұлттық ойындары ойналды. Іс-шараны Н.А. Бегімова өткізді. Ойынға ДСП-11 топ студенттері қатысты. Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады.
15 наурыз «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Іс-шараны Ж.С. Мусина өткізді. Байқау «Танысу, «Қол күрес», «Сегіз қырлы бір сырлы» кезеңдерден тұрды. Іс-шараға ЭРУ-11 топ студенттері қатысты.
16 наурыз «Қазақтың дастарқаны» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатын А.Қ. Қабденова өткізді. Іс-шараға Б-21, Э22 топ студенттері қатысты. Сынып сағатында студенттер қазақ халқының ұлттық тағамдар түрлерімен танысып, дәм татты.
16 наурыз І және ІІ курст студенттерінің арасында қабырға газеттерінің байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша І орын ПВ-11 топ, ІІ орын В-21, Э-23, ІІІ орын Э-21, СГО-11 топ иеленді.
17 наурыз «Наурыз дәстүрлері» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатын А.Б. Сүлейменова өткізді. Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Сынып сағатына Л-23 топ студенттері қатысты.
19 наурыз «Наурыз – думан!» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында киіз үй құрылды, қазақи дастархан жайылды, ұлттық дәстүрлер көрсетілді, ән мен биден шашу шашылды.
2018 жылғы 13 наурыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларына арналған «Менің қалам Кеше және Бүгін» атты республикалық интернет-байқауы өткізілді. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: қаланың тарихын зерттеуде шығармашылық тәсілді белсендіру, патриоттық сезімді тәрбиелеу, туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау.
2018 жылғы 16 наурыздағы байқаудың қорытындылары бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Д-11 топ студенті Ульянова Анна: «Қаланың қалыптасу тарихы» зерттеу жұмысы байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұсынылған номинацияда әртүрлі зерттеудің: бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларға талдау жасау, сауалнама жүргізу, сұрау, сұхбаттасу дағдыларын пайдалану, сонымен қатар бейне, фотоматериалдар және әдебиетпен жұмыс түрлері қолданылды.
«Петропавл қаласының қалыптасу тарихы» зерттеу жұмысының жетекшісі Журавлева Валентина Георгиевнаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаты берілді. «Туған жер» тарихи-өлкетану клубының белсендісі Клишина Алина (Д-11 топ) зерттеу жұмысының материалдарын жинап, дайындауға зор үлесін қосты.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы іске асыру аясында, Наурыз мейрамы қарсаныңда 2018 жылғы 15 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханашысы Б.Ж. Нуртазина «Көктем, еңбек, бірлік» атты музыкалық композиция өткізді. Іс-шараны өткізуге Д-21 топ және СГО-11 топ студенттері қатысты.
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Іс-шараға қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдерді оқып, ДСП-11 топ студенті Ахметова Зарина «В небе беркут» әнін тарту етті. Интербелсенді тақтада «Наурыз – праздник обновления, начало новой жизни» атты бейнефильм, «Наурыз көктем» әнінің клипі көрсетілді. Кітапхананың залында «Наурыз шагает по планете» тақырыбына кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері «Рухани жанғыру» бағдарламаның аясында Абылай хан резиденциясына барып қайтты. Мұражайда ұсынылған экспозициялар XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері Абылай хан өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде ақпарат береді.Экскурсияда студенттерді Абылай хан өмірінің негізгі оқиғаларымен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырумен қатар, студенттердің патриотизм сезімін, Отанға шын берілгендігін тәрбиелеуге назар аударылған.
2018 жылғы 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде тәрбиеші В.Г. Журавлева «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» сынып сағатын өткізді. Іс-шараны өткізуге ОВ-11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: мәдени мұраны тану арқылы қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу, казақ халқының мәдениетін, тарихын құрметтеу және қызығушылық сезімін арттыру.
Сынып сағатының барысында «Қазақ халқының дәстүрлері» атты фильм көрсетілді, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты викторина өткізілді.