ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






02.03.2018
«Шектен шыққан алғыс» атты тақырыптық сағат

2018 жылғы 1 наурыз күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапхана меңгерушісі Н. М. Қабденова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру мақсатында, Алғыс айту күні қарсаңында Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана № 2 филиалымен бірлесіп, «Шектен шыққан алғыс» атты тақырыптық сағат өткізді.

Шараны өткізуде Б-11 және СТС-11 топ студенттері қатысты. Сынып сағатына Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілі,украин және белорус мәдени орталығының активисті, СҚО және ҚР орыс қауымының активисті В. А. Холод шақырылды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Шараның барысында халықтар достығы туралы, Отан туралы өлеңдерді қазақ, орыс, украин және ағылшын тілдерінде оқылды. Интербелсенді тақтада «1 наурыз – Қазақстандағы Алғыс айту күні» атты бейнефильм, «Земля Казахстана» бейнеклипі көрсетілді.

Кітапхананың залында «Туған жерімізге, алғыс білдіреміз» тақырыбына кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
02.03.2018
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

2018 жылғы 2 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде объектілік жаттықтыру шаралары өтті. ІІ оқу корпусы жедел тәртіпте көшіріліп, уытты, уландырғыш заттарды іздеп табуға барлау шаралары және радиацияға дозиметрлік бақылау жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс штабының басшысы Г.Ш. Галимулин студенттерді және оқытушылар құрамын көшірілудің сәтті өтуімен құттықтап, апаттық жағдайда тәртіпке салынған жұмысын көрсетті.

Осындай жаттықтыру шаралары Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде жыл сайын өткізілуде.

01.03.2018
Петропавл қаласының жастар мәслихатына депутаттарды сайлау

2018 жылғы 1 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің негізінде Петропавл қаласының жастар мәслихатына депутаттарды сайлау шарасы өтті. Сайлау шарасына І және ІІ курс студенттері қатысты.

01.03.2018
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

1 - наурыз күні Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. (World Civil Defence Day). Бұл күн 1990 жылы бекітілді, Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының мүшелері елдерінде атап өтіледі. Мақсаты: азаматтық қорғаныс туралы білімдерді насихаттау және ұлттық қорғау қызметтерінің беделін арттыру.

1 наурыз күні Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысы күшіне енді, жарғыны 18 Мемлекет мақұлдады.

Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пенТЖ) қызметтерін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің В-21 топ (сынып жетекшісі В.В.Семоненко) және Л-32 топ (сынып жетекшісі В.А. Симонов) студентерінің қатысуымен эстафета өтті. Эстафетаның басты әділ қазы АӘД оқытушы-ұйымдастырушы В. В. Гутевич болды.

Іс-шара 4 кезеңмен өтті. Студенттер «Газтұтқышты кию», «Жараланған адамға газтұтқышты кигізу», «Жалпыәскери қорғау кешенін кию» жеке қорғаныс құралдарын пайдалану дағдыларын сынау үшін жарысқа түсті. Эстафетаның соңғы кезеңінде командалар ҚА негізгі қағидаларынан тест тапсырды. Эстафетаның нәтижесі бойынша В-21 топ жеңіске жетті. Эстафета қатысушыларына құрмет грамоталары тапсырылды.

Подробнее
28.02.2018
«Тәуелсіздік дәуірі – Қазақстан мемлекеті құрылуы мен жаңғыруының энциклопедиясы» Н.Назарбаевтың кітабы» бейнедәріс сабағы

28 ақпан Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің ПМ-11 және ДСП-11 топ студенттері С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілген «Тәуелсіздік дәуірі – Қазақстан мемлекеті құрылуы мен жаңғыруының энциклопедиясы» Н.Назарбаевтың кітабы» бейнедәріс сабағына қатысты.

Шара Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына арналған және тәуелсіз Қазақстанның құрылу мен даму кезеңдері туралы бірегей энциклопедияны зерттеу бойынша кітапхананың іс-шаралары аясында өткізілді.

Жүргізуші 2017 жылдың соңында Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткені туралы айтты. Студенттер мерзімді басылымдарда шыққан ғалымдардың, тарихшылардың, саясаткердің, әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің пікірлерімен танысып, Ұлық мереке қарсаңында жарыққа шыққан жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі туралы бейнефильм көрді.

Одан кейін студенттердің назары кітапқа аударды. Үстелдердің үстінде жатқан «Тәуелсіздік дәуірі» бірегей кітабының мазмұнымен танысты. Студенттер кітап тарауларымен танысқан сайын автордың қайталанбас өзгешелігіне тән үзінділерді мысал келтірді. Туындыда осы жылдары ішінде орын алған елеулі оқиғалар мен фактілер жан-жақты талданып түсіндірілген. Кітапта мемлекетті іс жүзінде басқарудың және стратегиялық жоспарлаудың құнды тәжірибесі бар. Яғни бұл өз кезегінде ертеңгі күнге сеніммен қарауға жетелейтін жалпыұлттық тұғырнама деуге болады деген тұжырымға келді.

Бөлінген уақыттың ішінде кітапты қарастыруға мүмкін емес, дегенмен студенттер бұл бірегей еңбек толық жете түсінуді қажет етеді деп шешімге келді.

Студенттер шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, кітапханадағы кездесу барысын фотоға түсірді.

Подробнее
Страница 382 из 460