2018 жылғы 5 сәуірде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М Кабденова «Қолдаудағы бастама» тақырыбына сынып сағатын өткізді.
Іс-шараға ПМ-11 тобының студенттері қатысты.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жастар мәслихатының депутаттары: Аманжолов Азамат және «Машина жасау колледжі» КММ студенті Антоненко Сергей қатысты. Қонақтар бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Н. Ә. Назарбаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында ұсынылған бағдарлама екенін атап өтті. Жаңа бағдарламалық құжаттың әлеуметтік бағыты бар. Президенттің барлық бес бастамасы қазақстандық жастардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Кітапхананың оқу залында «Қазақстаным – тағдырым!» тақырыбына кітап көрмесі әзірленді.
2018 жылғы 29 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің негізінде «Web-дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілік» және «Графикалық дизайн» құзыреттеріне Солтүстік Қазақстан облысының студенттері мен жас мамандары арасында World Skills Kazakhstan кәсіптік шеберліктің аймақтық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының IV курс студенттері Ефимов Владислав ( «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігінде, оқытушы - Мироняк С. В.), Бурмакова Владислава және Аманжолов Азамат («Графикалық дизайн», құзыреттілігінде, оқытушы Кревень В. В.) қатысты.
Оқытушы П.Г. Вирко және А.А. Колокольцев чемпионатта сарапшылар ретінде қатысты.
Бурмакова Владислава және Аманжолов Азамат Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің студенттері арасында ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, чемпионаттың жүлдегерлері атанды.
«World Skills Kazakhstan» кәсіби шеберлік Чемпионатының қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сізге кәсіби шеберлікті, шығармашылықты және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!
Мамыр айының алғашқы күндерінде Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі - Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. 1 мамыр - 150-ден астам ұлт пен ұлыс өмір сүретін елде бейбіт өмірге қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі.
2018 жылдың 28 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өту жоспарының шеңберінде «Біз - бір отбасымыз» атты мерекелік концерт өтті.
Колледж студенттері әртүрлі ұлт өкілдерінің, наным-сенім және әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың мәдениетін құрметтеудің және дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын көрсететін көркемөнер нөмірлерін ұсынды. Әрқашан халықтың бірлігі біздің еліміз үшін саяси және рухани тұрғыдан негізгі ұлттық идея болып табылады. Бұл өткен, бүгінгі және болашағымызды байланыстыратын тарихи негіз. Қазақстан бізді біріктірді және Отанға деген сүйіспеншілігіміз ортақ игілікке қызмет етсін!
Соңғы жылдары Қазақстан өте қарқынды дамуда. Экономикалық өсу жұмыссыздықтың азаюымен және халықтың нақты табыстарының өсуімен бірге жүрді.
Жақында өткен реформалар көлемі мен сапасы және экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы болып саналады.
2018 жылғы 27 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде тәрбиеші В.Г. Журавлева OB-11 және Д-11 топтарында «Индустриялық-инновациялық Қазақстан» тақырыптық сынып сағатын өткізді.
Қатысушылардың назарларына «Сандық Қазақстан», «Астанадағы локомотив құрастыру зауытының жаңа технологиялары», «Әлемдегі ең жылдам пойыздар» атты фильмдер көруге және талқылауға ұсынды.
Қымбатты достар!
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.
Сіздерді ұлы Наурыз мейрамымен шынайы көңілмен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы шаңырақтарыңызға ырыс, бірлік, береке және амандық әкелсін! Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер!