ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






10.03.2018
«Астана – болашақтың қаласы» атты сынып сағаты

2018 жылғы 10 наурыз күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Б. Сүлейменова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру мақсатында «Астана- болашақтың қаласы» атты сынып сағатын өткізді.

Шараны өткізуде Б-11 топ студенттері қатысты. Сынып сағатының мақсаты. Студенттерді елорданың тарихымен таныстыру, астанамыз көріктігін және маңыздылығын көрсету, болашақтың қаласы деген ұғымын түсіндіру.

Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Елордамыз ғаламшардың ең суық астаналарының бірі. Ол Ұлан-Батордан жылырақ, бірақ Оттавадан суық. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

Подробнее
08.03.2018
8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Қымбатты ханымдар, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

07.03.2018
Абитуриент-2018

Информация для абитуриентов, поступающих на базе 9 классов!

Вы имеете прекрасную возможность поступить в колледж для получения квалифицированных рабочих профессий без сдачи вступительных экзаменов на основании собеседования в форме анкетирования.

1. Вам необходимо заполнить анкету, ответив на вопросы. Отсканированный вариант заполненной анкеты вы отправляете на электронный адрес колледжа – pkgt@yandex.ru;

2. После получения заполненной анкеты мы отправим отсканированный вариант сертификата на ваш электронный адрес (или электронный адрес вашей школы или любой другой, указанный вами), который вам необходимо указать в анкете;

3. В период работы приемной комиссии (с 01 июня 2018 года по 20 августа 2018 года) вам необходимо принести пакет документов для поступления в колледж и полученный сертификат.

Бланк анкеты вы можете скачать ЗДЕСЬ .

05.03.2018
Алғыс айту күні

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің әкімшілігі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кеңсе тауарларын жинауда белсене қатысқан Б-11, Б-31, СТС-11, ОВМ-11, СГО-11, Э-11, ПМ-12, СДМ-11, Д-11, ПВ-11, ОВ-11, Л-41 и В-41 топтардың студенттеріне алғыс білдіреді.

Жиналған кеңсе тауарларын І курс студенттері «АРДОС-Журек» мүгедектер бірлестігіне апарып тапсырды. «АРДОС-Журек» бірлестігі 2013 жылғы наурызда СҚО Жастар одағының қолдауымен құрылды. Бұл бірлестікті құрудың негізгі ойы ерекше мұқтаждығы бар адамдарды әдеуметтік қорғау және қатарға қосу тиімділігін арттыру, оларды қоғамға біріктіру және өзін-өзі таныту жағдайларын жасау мәселелері жатады.

03.03.2018
Астананың 20 жылдығы

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде елорданың 20 жылдығын атап өту қарсанында ағылшын тілі пәні оқытушылары А.Г. Глумова және Н.А. Урусова бірқатар іс-шара өткізді. Колледждің бас корпусында «Астананың 20 жылдығы» атты стенд үш тілде рәсімделді. Сонымен бірге ағылшын тілінде өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы және «Астанам – мақтанышым» тақырыбына шығармалар байқауы өткізілді. Байқауға І және ІІ курс студенттері қатысты.

Шығармалар байқауында Э-21 топ студенті Суворкова Юлия – І орын, ДСП-11 топ студенті Ибраев Аскар – ІІ орын, ДСП-11 топ студенті Звенигородская Ирина – ІІІ орын алды. Олеңдерді мәнерлеп оқу сайысында қазылар алқасы шешімі бойынша Б-11 топ студенті Смирнова Мария – І орын, ДСП-11 топ студенті Курилко Екатерина – ІІ орын, Д-22 топ студенті Матанцев Никита – ІІІ орын алды. Жеңімпаздар димломдармен марапатталды.

Подробнее
Страница 381 из 460