2018 жылғы 11 сәуірде жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Хмелькова Дарья, Матанцев Никита және Костина Екатерина ағылшын тілінен облыстық олимпиадаға қатысты. Олимпиада М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Шетел тілдері» кафедрасында өтті.
Колледждің студенттері ағылшын тілінен жақсы білімдерін танытып, университет студенттерінен ғана жеңіліс тапты. Ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Г. Глумова алғыс хатпен марапатталды, студенттерге сертификаттар берілді.
2018 жылдың 12-ші сәуірінде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының «Тәрбие және білім» атты ішкі бағдарлама аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Іс-шараны өткізуге ЭМЛ-11 топ студенттері қатысты.
Кітапханашы Таран Т.А. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған стратегиялық маңызы бар бағдарлама екенін атап өтті. Осы бағдарламаның мақсаттары бүкіл Қазақстан халқына, әсіресе жастарға бағытталған, ал Мемлекет басшысының бәсекелестік қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, революциялық емес, эволюциялық даму және сананың ашықтығы жас қазақстандықтардың өмірлік ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Іс-шара барысында көрермендерге презентация ұсынылды, «Рухани жаңғыру» бейнефильмі көрсетілді. Оқу залында «Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылдың 6-8 сәуірінде Қарағанды қаласында аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан чемпионаты (ММА) өтті.
Чемпионатта СҚО командасы атынан Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Ильясов Рустем жарысты.
Рүстем жеңіл салмақта (57 кг) құрметті III орынды иеленді, СШК стандартын орындады және Азиялық аралас жекпе-жек өнерінен (MMA) чемпионатқа жолдама алды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Петропавлда студенттер арасында «Сұңқар» облыстық спартакиадасы басталды. Ашық біріншіліктің басты мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау. Чемпионатқа қаланың және облыстың 8 колледжі қатысты. Байқаудың ұйымдастырушылары жыл сайын қатысушылардың деңгейі артып келе жатқанын атап көрсетті. Турнирде үздік қатысушылар басқа жарыстарға жолдамаларды жеңіп алды.
«Сұңқар» облыстық спартакиадасы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы Солтүстік Қазақстан облысының колледждері арасында қол күресінен ІІ орынға ие болды.
Жеке жіктеуде:
I орын – Лазухин Дмитрий;
II орын – Шаболтас Максим, Асташкин Кирилл, Нубаева Диана;
III орын – Юмакулов Равиль, Непомящий Максим;
IV орын – Турсункул Динмуханмет, Вульф Виктор.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы гір спорты бойынша ІІ жалпыкомандалық орынға ие болды.
Жеке жіктеуде:
I орын – Орлов Данил, Асейнов Виталий (абсолютный чемпион), Непомящий Максим;
II орын – Маршалкевич Иван, Андросов Алексей, Галкина Елизавета;
III орын – Лазухин Дмитрий, Лозовенко Владислав.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
2018 жылғы 5 сәуірде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында «Жастық шағыңынан денсаулықты сақта» тақырыбына саламматы өмір салты сағатын өткізді.
Іс-шараға Б-11 және ОВ-11 топтарының студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар саламатты өмір салты - денсаулықтың алдын алу және насихаттауға бағытталған адам өмірінің тәсілі туралы айтты. Денсаулық - бұл адамның бірінші және ең маңызды қажеттілігі, оның жұмыс істеу қабілетін айқындайды және адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
Іс-шара барысында, қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер айтылды «Қазақстан жастары арасында ішімдікке құмарлық», «Спорт және саламатты өмір салты – сенің стилің» атты бейнефильмдер көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Мен – саламатты өмір салтын таңдаймын» тақырыбына кітап көрмесі әзірленді.