2018 жылғы 20 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Қ. Қабденова «Төбесінде жарқырап, күн төгілген Астана» атты сынып сағатын өткізді. Іс-шараға СГО-11 топ студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, Қазақстанның көп ұлтты халқының бірлігін нығайтудағы үлкен рөлі туралы, Астана тәуелсіздіктің және жарқын болашаққа ұмтылу символы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2018 жылғы 16 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің тәрбиешісі В.Г.Журавлева «Менің жерлестерім – менің мақтанышым» зерттеу жұмыстарының байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: ғылымның, мәдениеттің, спорттың, Петропавл қаласының және барлық облыс тарихының дамуына зор үлесін қосқан Солтүстік Қазақстан облысының тумалары, атақты адамдардың өмірбаяндарын зерттеу.
Байқауға ОВМ-11, СТС-11, Д-11, Л-11, ПО-11, ОВ-11 топтар қатысты. Байқау аясында студенттер Солтүстік Қазақстан жерінде туған, тағдырлары қызық адамдар: жазушылар, ақындар, суретшілер, ғарышкерлер, спортшылар туралы презентациялар дайындады.
Байқаудың нәтижелері:
I орын – Шиц Артур (Л-11 топ) «Менің ғарышкер жерлестерім» атты презентациясымен;
II орын – Ульянова Анна және Клишина Алина (Д-11 топ) «Менің суретші жерлестерім» атты презентациясымен;
III орын – Абрамов Кирилл және Андрейчиков Николай (СТС-11 топ) «Менің ақын жерлестерім» атты презентациясымен.
2018 жылғы 26 қаңтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Аялаған Астана» атты интернет байқауы өтті.
2018 жылғы 14.02. өткен байқаудың нәтижелері бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Б-11 топ студенті Славуцкая Ксения «Астана бояулары» номинациясында қатысушы серитификатына иеленді. Жоба жетекшісі тәрбиеші В. Г. Журавлева.
2018 жылғы 14 ақпан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары «Тәуелсіздік белесі – ұлы арман кемесі» атты дөңгелек үстел өткізді. Өзі жас қала, өзі бас қала, әсем қала, елордасы – Астананың бүгінгі таңда дүние жүзіне танымал қалалардың бірі. Астана біздің мақтанышымыз, әлемдік аренаға шығаратын көпір іспеттес. Астананың көркеюімен біз дүниежүзіне танымал болдық.
Өткізген іс-шараның мақсаты: Студенттерді Отанын сүюге, еліміздің бай, қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу; студенттерді патриоттық сезімге тәрбиелеу.
2018 жылғы 13 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің СТС-11 және Д-11 топ студенттері «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне барып қайтты. Мұражай сабағы тәрбиеші В. Г. Журавлева студенттердің туған өлкесінің тарихына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізді.
«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. 1765 жылдан бастап осы жерде басқа елдермен, соның ішінде Ресей империясымен барлық маңызды мемлекеттік келіссөздер жүргізілді.
Резиденция 56 жыл бойы бірқабатты ағаш үйінде орналасқан, алайда 1821 жылы екіқабатты улкен тас үй салынды. Қазіргі уақытта осы ғимарата мұражай кешенінің негізгі экспозициясы орналасады.
Одан басқа мұражай аумағында кеңсе және қонақтарға арналған үй бар. 1982 жылдан бастап мұражай кешені мемлекеттік қорғауында. 2006 жылдан бастап мұражайды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып, 2008 жылғы жаз маусымында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мұражайда экскурсиялар мемлекеттік ресми тілдерде, яғни қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бағдарламаға қазақ халқының мәдени дәстүрлері, салт дәстүрлері туралы, Абылай хан өмірі туралы тақырыптар кіреді. Ақ үйдің алдында қоладан құйылған «Ат үстіндегі Абылай хан» ескерткіші бар.