2026 жылғы 9–14 ақпан аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасы Халықаралық кітап сыйлау күні аясында өткен «Шын жүрегіңмен кітап сыйла» челленджіне қатысты. Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты идеясы – технология дамыған заманда да қағаз кітаптың өзектілігін жоймай, құнды сыйлық болып қала беретінін көрсету. Барша кітапсүйер қауымға тілегіміз: оқи беріңіздер, жаңа кітаптар мен жаңа оқиғаларды ашыңыздар! Кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге толқып, кітап әлемімен саяхаттаңыздар. Кітап әрдайым сіздерге қызық серік болсын! Барлық қатысушыларға белсенділігі, мейірімділігі және кітапқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс айтамыз! Қызыға оқыңыздар және жақсы кітаптармен бөлісіңіздер!


2026 жылғы 12–13 ақпан күндері Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы апталығы аясында «Менің мамандығым – қозғалысшы» атты викторина өтті. Іс-шараға Д-21 және Д-31 топтарының студенттері белсенді қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаттары – теміржол саласы мамандықтарына деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, кәсіби терминдер мен ұғымдарды ойын түрінде бекіту болды. Викторина достық әрі тартысты атмосферада өтті. Қатысушылар сайыс тапсырмаларын қызығушылықпен орындап, тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, теміржол көлігі саласы бойынша берік білімдерін көрсетті. Студенттер темір жолдардың жалпы курсы бойынша материалды жақсы меңгергендерін, топпен жұмыс істей білетіндерін және стандартты емес жағдайларда жылдам шешім қабылдай алатындарын дәлелдеді. Әр қатысушы өзін жақсы қырынан танытып, таңдаған мамандығына деген қызығушылығы мен теміржол саласының білікті әрі жауапты маманы болуға деген ұмтылысын көрсетті.
.jpeg)
.jpeg)
2026 жылғы 13 ақпанда Петропавл қаласындағы Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің акт залында студенттермен «Қазақстанның жаңа Конституциясы: референдумнан кейін негізгі заңда қандай өзгерістер болады» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Кездесудің спикерлері – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Исмаилова Мадина Булатовна және «Ассамблея жастары» РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің жетекшісі Смаилова Дарига Омировна. Олар тақырыптың негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, студенттерге елдің Негізгі заңына енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берді. Іс-шара барысында білім алушыларға конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына тигізер маңызы түсіндірілді. Әсіресе Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың елді басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің құқықтық жүйесінің іргетасы екені, мемлекеттік құрылыстың негіздерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтыны еске салынды. Ашық диалог форматында қатысушылар референдумның халықтың тікелей ерік білдіру нысаны ретіндегі маңызын талқылады. Студенттерге Конституция жобасымен танысу үшін Telegram желісіндегі QR-код ұсынылды. Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және «Заң және тәртіп» қағидаттарына құрметпен қарауына ықпал етті.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің сапасын арттыру, сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу мақсатында 2026 жылғы 13 ақпанда Облыстық «Жас батыр» әскери-патриоттық орталығының базасында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына арналған облыстық салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шара барысында 2026 жылғы 27–30 қаңтар аралығында өткен Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ ұйымдарының әскери-патриоттық клубтары арасында әскери-спорттық көпсайыстан облыстық спартакиадада жүлделі орындарға ие болған командалар марапатталды. Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің командасы ІІІ орын алып, тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды.
.jpeg)
.jpeg)
2026 жылғы 12 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында ұлы қазақ ақындары Ж.Жабаевтың туғанына 180 жыл және М.Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Поэзия сөзінің даналығы» атты пқындар күні форматында «Мұра» әдеби клубының отырысы өтті. Қазақ әдебиеті – қайталанбас, халық жадында мәңгі сақталатын тұлғаларға бай рухани қазына. Әрқайсысы ғасырлар қойнауынан жеткен мәңгілік мұрасымен ерекшеленеді. Жамбыл Жабаев – поэзиялық суырыпсалмалық өнердің хас шебері, лириканың теңдессіз өкілі әрі өткір публицист. Бүгінде Жамбыл жырлары шынайылығымен адам жүрегін жылытуды жалғастырып келеді. Көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың үні халық санасына әлдеқашан сіңген. Ақынның сыншыл да шынайы тілі әдебиет әлемінде берік орын алды. Оның шығармалары адамгершілікке толы мазмұнымен және ерекше шабытты, жарқын рухымен миллиондаған оқырманның жүрегін баурайды. Көркем сөз шеберлері қалыптастырған әдеби дәстүр – келер ұрпаққа аманат етілген мәңгілік мұра. Іс-шара барысында «Жамбыл Жабаев – ақын, жырау және азамат», «Мұқағали Мақатаев» атты бейнефильмдер мен слайдтық презентациялар көрсетілді. Студенттер «Ақынды тап» викторинасы арқылы білімдерін бекітті. Оқу залында «Ұлы сөздің шеберлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды