ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






19.02.2026
Мамандық таңдау – болашақты таңдау!

2026 жылғы 19 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ашық есік күні өтті. Іс-шара мектеп оқушыларына ойын және танымдық қызмет арқылы кәсіби бағдар беру үшін жағдай жасауға, командалық дағдыларын, дербестігін және болашақ мамандықты таңдау үдерісіне белсенділігін дамытуға, сондай-ақ колледждің оң имиджін қалыптастыруға бағытталды. Ашық есік күніне Петропавл қаласының орта мектеп оқушылары шақырылды. Іс-шараның басында колледж директоры А.П.Фурманюк құттықтау сөзін сөйледі. Ашық есік күнінің бағдарламасына «Техникалық», «Теміржол», «Электрлік», «Автомобильдік», «Логикалық», «Слесарлық», «Жылутехникалық» станциялары бойынша квест-саяхат форматында ұйымдастырылған кәсіби бағдар беру ойыны енгізілді. Мектеп оқушылары әр станцияға барып, мамандықтармен танысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Ашық есік күні мектеп оқушылары 1,2,3 дәрежелі дипломдар, қатысушылардың сертификаттарын алып қана қоймай, көптеген қатысушылар үшін болашақ мамандықты таңдаумен аяқталды.

18.02.2026
Автокөліктің электр жабдықтарын диагностикалау және қауіпсіздік жүйелерін монтаждау бойынша іскерлік ойын

2026 жылғы 18 ақпанда «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы апталығы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі базасында автокөліктің электр жабдықтарын диагностикалау және қауіпсіздік жүйелерін монтаждау тақырыбында іскерлік ойын өткізілді. «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету пункті» зертханасында өткен тәжірибелік сабаққа ТР-31 тобының 8 студенті қатысты. Ойын форматында білім алушылар заманауи диагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, кәсіби дағдыларын шыңдады. Жұмыс барысында студенттер алынған мәліметтерге талдау жасап, ықтимал ақауларды анықтап, негізделген техникалық шешімдер қабылдауы тиіс болды. Сабақтың мұндай форматы оқу үдерісін нақты кәсіби қызмет жағдайына барынша жақындатып, аналитикалық ойлау қабілетін, жауапкершілік пен тәжірибелік жұмыстарды орындаудағы сенімділікті дамытуға ықпал етті.

18.02.2026
«Сыпайылық дегеніміз не?» брифингі

2026 жылғы 18 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі жатақханасында «Сыпайылық дегеніміз не?» брифингі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге сыпайылықтың жеке тұлғаның маңызды адамгершілік қасиеті әрі қазіргі қоғамдағы қарым-қатынастың ажырамас нормасы екендігі туралы түсінік қалыптастыру. Брифинг барысында білім алушылар қандай сөздер мен іс-әрекеттерді сыпайылықтың көрінісі деп санауға болатынын талқылап, күнделікті өмірден мысалдар келтірді, өздерінің бақылаулары мен тәжірибелерімен бөлісті. Құрдастарға, педагогтерге, үлкен буын өкілдеріне және айналадағы адамдарға құрметпен қарау мәселесіне ерекше назар аударылды. Талқылау нәтижесінде студенттер сыпайылық ұжымда қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпал ететінін, жанжалдардың алдын алуға көмектесетінін және қарым-қатынасты мейірімді әрі сындарлы ететінін атап өтті.

18.02.2026
Қаланың креативті жастарының өкілдерімен диалог алаңы

2025 жылғы 18 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Student Parliament Club белсенділері үшін қаланың креативті жастарының өкілдерімен диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Б.Мұхамедин бастамашылық етті. Спикерлер ретінде волонтерлік, IT, ораторлық шеберлік және жазушылық салалардағы жас мамандар сөз сөйледі. Шитова София - оратор Глухих Дмитрий - IT маманы Сафронов Егор - волонтер Вишневская Елизавета - жазушы Арам – кәсіпкер. Ашық диалог барысында спикерлер кәсіби жолда мансап құру, жетістіктерге жету тәжірибелерімен және жеке табыс тарихтарымен бөлісті.

18.02.2026
Жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету

Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің "Мархабат" клубының еріктілері жалғыз тұратын зейнеткер Г.И.Ивановаға көмек көрсетуді жалғастыруда. С-11 тобының студенттеріне алғыс айтамыз.

Страница 19 из 460