

2026 жылғы 11 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы апталығы аясында 2-курс студенттерімен «Энергетикадағы энергия үнемдеу технологиялары» тақырыбында оқу-танымдық конференция өткізілді. Конференцияның ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі арнайы пәндер оқытушысы М.В.Торлопова болды. Іс-шара білім алушылардың заманауи энергия үнемдейтін және энергия тиімді технологиялар саласындағы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге бағытталды. Конференция барысында энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, энергия тиімді жабдықтарды енгізу және энергетика саласындағы инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылды.


2026 жылғы 11 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы апталығы аясында Д-11, Д-21 және Д-31 топтарында «Қауіпсіздік күні» ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге теміржол көлігіндегі апаттар мен пойыздардың соқтығысуына арналған «Бұлай болмауы тиіс!» атты слайдтар көрсетілді. Білім алушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін көрнекі түрде байқады. Сондай-ақ студенттерге теміржол саласы қызметкерлерінің кәсіби қызметі барысында жіберетін құқық бұзушылықтары туралы тақырыптық фильмдер ұсынылды. Әсіресе, алғашында елеусіз болып көрінетін қателіктің өзі ауыр зардаптарға әкеліп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екеніне ерекше назар аударылды. Өткізілген іс-шара студенттердің жауапкершілік сезімін, тәртіптілігін қалыптастыруға және теміржолдағы қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.


2026 жылғы 11 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында колледж студенттері құқықтық сауаттылықты арттыру және сталкингке, некеге мәжбүрлеуге және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың өзге де түрлеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру тақырыбында дәріс тыңдады. Спикер ретінде СҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы А.С.Абжанова сөз сөйледі. Маманмен кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, белсенді пікір алмасуға ұласты. Әсіресе, сталкинг мәселесіне – қудалаудың кең таралған әрі қауіпті түрлерінің бірі ретінде – ерекше назар аударылды. Қатысушылар қандай әрекеттер сталкинг болып саналатынын, Қазақстан Республикасының заңнамасында қандай жауапкершілік көзделгенін және қорқыту немесе қысым көрсету жағдайында қайда жүгінуге болатынын білді. Дәріс адамның жеке шекарасына құрметпен қараудың маңыздылығын түсінуге және зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік қалыптастыруға ықпал етті. Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын заңды жолмен қорғауға үйретеді


2026 жылғы 10 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Т-41 тобында өндірістік тәжірибеден өтуге арналған «Өндірістік тәжірибеден кейін студенттердің болашақ мамандық туралы көзқарасы өзгерді ме?» тақырыбында практикалық конференция өтті. Іс-шара білім алушылардың болашақ кәсіби қызметі туралы түсініктеріндегі өзгерістерді анықтау және талдауға, сондай-ақ таңдалған мамандыққа саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында білім алушылар кәсіпорындардағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, орындаған өндірістік тапсырмалары, еңбек жағдайлары және тәлімгерлермен өзара әрекеттестігі туралы әңгімеледі. Нақты өндірістік қызмет студенттердің күткен үміттерімен қаншалықты сәйкес келгені талқылауға ерекше назар аударылды. Көпшілігі тәжірибе мамандықтың ерекшелігін, жұмыс берушілердің талаптарын, жауапкершілік деңгейін және қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажеттігін тереңірек түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Қатысушылар құнды практикалық тәжірибе жинақтап, теориялық білімдерін бекітіп, кәсіби дағдыларды меңгергендерін жеткізді. Пікірталас барысында студенттер тәжірибеден өту кезеңінде мамандыққа деген көзқарастарының анағұрлым саналы әрі жауапты бола түскенін айтты. Кейбірінде кәсіби қызметтің күрделілігі мен көпқырлылығы туралы түсінік өзгеріп, әрі қарай білім алуға және кәсіби тұрғыда өсуге деген ынтасы артқан. Конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге өндірістік оқыту шебері Б.Р.Калыкова жауапты болды. Ол өндірістік тәжірибенің білікті мамандарды даярлаудағы негізгі кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің кәсіби өзін-өзі айқындауына, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға және таңдалған мамандыққа деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.


2026 жылдың 10 ақпанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің "Мархабат" еріктілер клубының қатысушылары жалғыз тұратын зейнеткер Галина Ивановна Ивановаға шаруашылық көмек көрсетті. ПО-11 тобының студенттері Валерий Саттаровпен Артем Очхикидзеге акцияға қатысқаны үшін алғыс айтамыз.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор