

2026 жылдың 17 ақпанында "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі " КМҚК "М.Айтхожин атындағы №1 орта мектебі" КММ 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Оқушылар колледждің сұранысқа ие мамандықтарымен, сондай-ақ оның заманауи материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, оларға жан-жақты және мазмұнды жауаптар алды.


2026 жылғы 17 ақпанда 1-курс студенттеріне тың «Закладчики. Мать» деректі фильмін көру ұйымдастырылды. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар саясаты бөлімінің мамандары бастамасымен «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасы аясында өткізілді. Фильм көрсетілімінен кейін бейнематериал бойынша талқылау ұйымдастырылды. Жастардың құқықтық сауаттылығы, заңға саналы көзқарас және жеке жауапкершілік мәселелері көтерілді.


2026 жылғы 17 ақпанда «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы апталығы аясында Петропавл машина жасау және көлік колледжі базасында «Автомобиль құрылысы» пәні бойынша тақырыптық ойын-викторина өтті. Іс-шараға ТР-11 тобы қатысып, 5 адамнан тұратын екі командаға бөлінді. Командаларға іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмыс істеу принципі бойынша сұрақтар ұсынылды. Дұрыс және жылдам жауап бергендерге ұпайлар берілді. Викторинаның негізгі мақсаты – студенттердің автомобильдің құрылысы, тораптары мен агрегаттары саласындағы білім деңгейін бағалау және арттыру, сондай-ақ командалық өзара әрекеттестікті қалыптастыру және теориялық білімдерін бекіту болды.