ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






25.02.2026
"Startup Battle"өңірлік бизнес-идеялар және стартап-жобалар байқауы

2026 жылғы 25 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында "Startup Battle" бизнес-идеялар мен стартап-жобалардың өңірлік конкурсы өтті. Байқауды "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ және "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі"КМҚК ұйымдастырды. Конкурстың негізгі мақсаты-үздік студенттік бизнес-идеялар мен стартап-жобаларды анықтау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарланған жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті танымал ету.Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының колледждерінен 25 жұмыс ұсынылды. Қатысушылар әлеуметтік бағыттағы бастамалардан бастап заманауи цифрлық технологияларды қолдануға негізделген инновациялық шешімдерге дейінгі әртүрлі бағыттағы жобаларын таныстырды. Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: 1 орын: Федоров Эдуард, «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі» КМҚК – «AgroAI Helper — өсімдіктерді диагностикалаудың зияткерлік жүйесі» бизнес-идеясы.; 2 орын: Тимченко Владислав, Бескөл мектеп-колледжі ЖШС – «Tactile Mind: алаңдаушылықты төмендетуге және сенсориканы дамытуға арналған 3D-тактильді бұйымдар» бизнес-идеясы; Калинчук Владимир, Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі КМҚК – «HOME 365 – жасанды интеллект негізіндегі ақылды тұрғын үй кешені сервисі» стартап-жобасы; 3 орын: Фирсова Алина, Юраш Виктория, «Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ – «Босанған аналарға арналған тамақтану сервисі» бизнес-идеясы. Майрам Асқар, «Гуманитарлық-техникалық колледж» ЖМ – «EcoVoice: Туған жер үні» стартап-жобасы. Мурашкин Ростислав, Лазарев Никита, «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК – «SmartAttendance AI — жасанды интеллект және бет-әлпетті тану технологиялары негізінде келушілерді есепке алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің зияткерлік жүйесі» бизнес-идеясы.

25.02.2026
Ар-намыс пен ерлік: «Капитан Байтасов» фильмі

2026 жылғы 25 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері қайғылы оқиғалар негізінде түсірілген «Капитан Байтасов» фильмін тамашалады. Картина жастарды патриотизмге, жауапкершілікке, батылдыққа және полиция қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Фильмде 2011 жылы Тараз қаласында өз өмірін құрбан етіп, террористі тоқтатқан капитан Ғазиз Байтасовтың шынайы ерлігі көрсетіледі. Туынды заңға бағыну, жанқиярлық және Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын дәріптейді.

24.02.2026
«Вейптің жасөспірімдерге қандай зияны бар?»

2026 жылғы 24 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында «Вейптің жасөспірімдерге қандай зияны бар?» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және вейп қолданудың алдын алу. Әңгіме барысында білім алушылар электронды темекінің ағзаға, әсіресе тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесіне тигізетін кері әсері туралы білді. Никотинге тәуелділіктің қалыптасу қаупіне және никотиннің жасөспірімдердің әлі толық қалыптаспаған ағзасына әсеріне ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, вейпті ұзақ уақыт қолданудың ықтимал салдарын атап өтті. Тақырыптық бейнеролик денсаулыққа төнетін нақты қауіптерді көрнекі түрде көрсетіп, мазмұнды әрі сындарлы диалогқа негіз болды.

24.02.2026
Петропавл қаласы әскери комитетінің өкілдерімен диалог алаңы

2026 жылғы 24 ақпанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бітіруші топтарының студенттері үшін Петропавл қ. әскери комитетінің өкілдерімен диалог алаңы ұйымдастырылды. Спикерлер әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімінің сержант-нұсқаушысы, аға сержант Павел Петрович Керкеснер және ҰҚК ШҚ өкілі болды. Ашық диалог барысында ҚР ҚК әскери қызметке шақыру мәселелері және оны атқару ерекшеліктері, сондай-ақ шекара әскерлеріндегі келісімшарттық қызметтің шарттары мен артықшылықтары қамтылды.

24.02.2026
Автослесарьдің кәсіби шеберлік байқауы

2026 жылғы 24 ақпанда Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі базасында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 1–3 курс студенттері арасында автослесарьдің колледжішілік кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау сапасын арттыруға, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталды. Байқау «Electude» симуляциялық бағдарламалық кешенін қолдану арқылы өткізілді. Сынақ барысында қатысушылар өндірістік ортаға барынша жақын жағдайларда қозғалтқышты басқару жүйесіндегі ақауларды диагностикалау және жою бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: І орын – Ерохин Сергей (ТР-31 тобы), ІІ орын – Молдабеков Тимур (ТР-31 тобы), ІІІ орын – Данилов Данила (ТР-21 тобы) және Мотренко Ярослав (ТР-12 тобы). Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Страница 17 из 460