2015 жылғы 28 қазан күні «Өлкетану» факультативтік сабағын өткізу шеңберінде Петропавл темір жол көлігі колледжінің 1 курс студенттері СҚО ІІД мұражайына барды.
Мұражайдың қоры 4 мыңнан астам жәдігерден тұрады. Қойылымдар Петропавл қ. алғашқы штаттық полицияны құру, кеңес жұмысшы-шаруа милициясы, облыс қызметтері мен бөлімшелерінің, қылмыстық іздеу, тергеу басқармасы және т.б. жұмысы туралы мәлімет береді. Мұражайдағы бөлек залға ҰОС ардагерлеріне арналған материалдар қойылған.
СҚО ІІД жедел қызмет, криминалистика қызметкерлерінің күнделікті жұмыс күндері туралы, қылмыскерлердің кінәсінен өмірлері үзілген қызметкерлер туралы сыр шертетін қойылымдар ерекше әсер қалдырды.
Өрт - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін бақылаусыз жану.
Өртке қарсы әрекет ету әдістері өрт болу ықтималдығын азайтатын (алдын алу) және адамдарды оттан қорғау және құтқару (тактикалық) болып бөлінеді.
Өртті жою оны сөндіруден тұрады. Жану мен өртті сөндірудің мейілінше қолжетімді құралдары су, құм, қол өрт сөндіргіштері, асбест және брезент жабындылар, сондай-ақ ағаштардың бұтақтары мен киім болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша кітапшаны осы сайттан жүктей аласыздар.
Сондай-ақ сіз бейнематериалдармен таныса аласыздар.
2015 жылғы 21 қазан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран ұлы қазақ ақыны, ойшылы және философы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай бізге өлеңімен және әнімен тәлім береді» әдеби-сазды композициясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - әлемдік деңгейдегі тұлға, данышпан және ойшыл ретінде Абай жайлы дүниетаным қалыптастыру.
Іс-шараны өткізуге В-11 топ (сынып жетекшісі В. В. Филитов), В-12 топ (сынып жетекшісі С. Н. Гринькив), Л-23 топ (сынып жетекшісі Д. В. Кириллов) студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Абай өз шығармаларында қазақ әдебиеті мен жазба әдебиетінің негізін қалай алғандығын, өз халқының ұлттық болмысын оның мінезінен, салт-дәстүрлерінен, ақындар айтысынан, ұлттық ойындарынан, шешендік дауларынан ерекше көрегендікпен тауып, асқан шеберлікпен қағазға түсіре алғандығын атап өтті.
Абайдың мұрасы – қазіргі жастар үшін қажетті рухани азық.
Іс-шараны өткізу барысында қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдер айтылды. Сазды сүйемелдеу үшін қазақ тіліндегі «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты» әндері, Тәттімбеттің күйі «Саржайлау» қолданылды. Интерактивті тақтада слайдтар мен «Мәдени мұра» бейнеролигі көрсетілді.
2015 жылғы 22 қазан күні «Құқық негіздері» пәні шеңберінде Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Ювеналдық соттың ашық отырысына қатысты. Отырыста кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қарастырылды.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің «ЖД квартал» КВН командасы 2015 ж. 21 қазан күні ОБЖШО-нда облыс әкімінің кубогы үшін өтетін КВН іріктеу фестиваліне қатысады. Солтүстік Қазақстан облысының үздік командаларының ойынын тамашалай аласыздар.
Кіру тегін. Шақыру билеттері таратушыларда.
Өз командаңды қолда!