ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






10.09.2015
Облыстық «Жылдың үздік психологы» байқауы

2015 жылғы 9 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» филиалында облыстық «Жылдың үздік психологы» байқауы өтті.

«Жылдың үздік психологы» байқауы Қазақстанда екінші рет өткізіліп жатыр. Оның өзектілігі білім жүйесін жаңғыртумен байланысты. Қазылар алқасының айтуы бойынша, басқа педагогтар сияқты психологтар да уақыт ағымынан қалмаулары керек.

Облыстық байқауға 26 маман қатысты. Олар балабақшадағы, мектептегі және колледждегі үздік психолог атағы үшін бақ сынасты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар әр білім ұйымында даму бағдарламасы барын ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларының таныстырылымын өткізді. Екінші кезеңнің шарты бойынша психологтар таныстырылып жатқан бағдарламаның элементтерін көрсететін шеберлік сабағын назарға ұсынды.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары арасында үздік психолог болып Петропавл темір жол көлігі колледжінің педагог-психологы Чернова Екатерина Лазаревна танылды.

10.09.2015
Дін мәселесі бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерімен кездесу

2015 жылғы 09 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде студенттердің дін мәселесі бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелерімен кездесуі өтті.

Алматы қ. қалалық орталық мешітінің имамы Н. Иминов және облыстық «Қызылжар» мешітінің имамы К. Исаев бүлдіргіш діни ағымдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ислам дінінің пайда болу тарихы және оның негізгі қағидалары жайлы ақпарат кеңінен ұсынылды.

09.09.2015
Бокстан халықаралық жарыс

Тер төккен жеңіске жетуге,

Талпынған мәреден өтуге.

Спортшы елімнің мақтаны,

Сенімен мерейім бекуде!

2015 жылғы шілде айында Қостанай қ. Қостанай облыстық бокс федерациясының вице-президенттері Орал және Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан 16 халықаралық жарысы өтті. Оған Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 126 спортшы қатысты.

91 кг. санатындағы ауыр салмақта үшінші орын алған Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті Николай Чебаков жарыста шеберлігімен көзге түсті.

Николай, саған өмірде және спортта жаңа жеңістер тілейміз!

30.08.2015
Күз сыйы

2015 жылғы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының күнін мерекелеу аясында С. Мұқанов атындағы кітапхана алдындағы саябақта «Күз сыйы» көрмесі өтті. Петропавл темір жол көлігі колледжі осы іс-шараны өткізуге белсене қатысты. ПТКК шығармашылық қиялы көрме қонықтарына табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды, бау-бақшаның сыйын тамашалауды ұсынды.

04.07.2015
ТҮЛЕК-2015

1-3 шілде күндері Петропавл темір жол көлігі колледжінде 2015 жылғы түлектерге дипломдарды табыс ету салтанаты өтті.

«Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (вагондар)» мамандығы бойынша оқыған 60 түлектің ішінде 4 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (локомотивтер)» мамандығы бойынша оқыған 61 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқыған 54 түлектің ішінде 8 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқыған 16 түлектің ішінде 1 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Газ-мұнай және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқыған 21 түлектің ішінде 1 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандығы бойынша оқыған 34 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқыған 21 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

«Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша оқыған 82 түлектің ішінде 2 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

Жолың болсын, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдар бойы алған білімің мен іскерлігің сенің еңбек жолыңдағы сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді!

Страница 434 из 460