ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






04.12.2015
СҚО білім беру ұйымдарының сайттары арасындағы байқаудың қорытындылары

2015 жылғы 30 қараша күні «Өрлеу» ҰБАО АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыс білім беру ұйымдарының сайттары арасындағы байқаудың қорытындыларын шығарды.

Байқаудың мақсаты – білім беру ұйымдарының үздік сайттарын анықтау, қолдау және көпшіліктің назарына ұсыну.

Құрамына кәсіпқойлар мен өз ісінің шеберлері - «Өрлеу» ҰБАО АҚ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушылар құрамы енген қазылар алқасы сайттарды бағалауда келесі өлшемдерді ескерді:

– сайттың ақпараттық құрылымы;

– дизайны;

– сайт – өмір айнасы;

– интерактивтілігі;

– сайттың ақпараттық қанықтығы;

– сайт ғаламдық ақпараттық кеңістікке шығу нүктесі ретінде.

Жоғарыда тізілген өлшемдер негізінде Петропавл темір жол көлігі колледжінің сайты 2 орынды иеленді.

Сайтты ақпараттық толықтыруға ат салысқан колледждің барлық оқытушыларын жеңіспен құттықтаймыз!

30.11.2015
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Петропавл темір жол көлігі колледжінің ұстаздар ұжымы мен студенттері Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымен танысты. Президенттің үндеуі әлемдік дағдарыс жағдайында біздің елімізді дамытудың негізгі бағыттарына арналған.

Бейбітшілікті сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыру – міне, осы Президенттің негізгі мақсаты. Біздің болашақ – тұрақты, толерантты, гүлденген Қазақстан екендігіне сенімдіміз!

25.11.2015
«Қазақ даласының ұлы перзенті» атты Қазақстанның ұлттық тарихы сағаты

2015 жылғы 25 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова ХІХ ғасыр озық мәдениетінің жарқын өкілі, көрнекті қазақ ғалымы, көптеген ғылымдардың негізін қалаушы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Қазақ даласының ұлы перзенті» атты Қазақстанның ұлттық тарихы сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Д-21 (сынып жетекшісі Н. А. Урусова), Э-12 (сынып жетекшісі В. А. Иванов) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар ғалым өз өмірін қазақ халқына арнағанын, оны шексіз сүйгенін, білімді және гүлденген етіп көруді шын ниетімен қалағанын айтып өтті. Шоқан Уәлихановтың еңбектері – ғалымның өз ғылыми зерттеулеріне негізделген әсерлі, жанды тебірентетін әңгімесі. «Қырғыз хандарының ұрпағы шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті». Бүгінгі күні ұлы ғалым, тарихшы, жазушының азаматтық ерлігі мен бай ғылыми мұрасы адамзаттың игілігіне қызмет етіп келеді.

Іс-шараның барысында Шоқан Уәлиханов туралы жазылған, оның ұлылығына тағзым ететін жыр жолдары оқылды: «Под чьим бы небом не родился, Чокан был неотразим, его услышит всякий».

Интерактивті тақтада слайдтар көрсетіліп, «Аққан жұлдыз» кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Шоқан Уәлиханов. Мәдени мұра», «Шоқан Уәлиханов (1835-1865)» бейнероликтері ұсынылды.

16.11.2015
Құқықтық жаппай оқыту

2015 ж. 17 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің ПО-21 топ студенттері Петропавл қ. Ювеналдық сотының ашық отырысына қатысты. Отырыста ата-ана құқығынан айыру туралы іс қаралды.

16.11.2015
Халықаралық толеранттылық күні

2015 жылғы 13 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова Халықаралық толеранттылық күніне орай «Келісім мен достықты сақтау керек» атты патриоттық сынып сағатын өткізді.

Толеранттылық күні ұлттың дәстүрлі адамгершілік құндылықтар төңірегінде бірігуіне көмектеседі. Ең алдымен, түрлі әлем мәдениеттері, діндері мен дәстүрлерінің өзара сыйластығы жайлы, сондай-ақ әрбір жеке адамның өз даралығын көрсетудің тәсілдеріне төзімсіздік жайлы, өз халқының ерекшелігіне, тұтас адамзат дәстүрі мен өзіндік сипатына құрмет жайлы ой қозғалады.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев біздің мемлекетіміздегі ғана емес, тұтас әлемдегі келісім мен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған саясатты ұстанады. Біз көп ұлтты мемлекетте тұрып жатқандықтан діни келісімді нығайтуымыз керектігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қашан да сақталуы керектігі, осы орайды өзінің мықты үлесін Діни келісім қозғалысы қосатыны туралы пікірін білдірген болатын.

Іс-шараны өткізуге ДМ-21 (сынып жетекшісі Н. А. Бегімова), Д-22 (сынып жетекшісі Р. Х. Курбанов), Э-33 (сынып жетекшісі Э. Т. Қазиева) топ студенттері қатысты.

Халықаралық толеранттылық күнінің қалыптасу кезеңдерін сипаттайтын «Біз әр түрліміз – бұл біздің байлығымыз. Біз бірге болсақ –мықтымыз» бейнеролигі, «Қазақстан рухани келісім іздеу жолында» деректі фильмі қатысушылардың назарына ұсынылды.

Іс-шараны сазды әуенмен көркемдеуге Э-33 топ студенттері М. Хыдыров, Д. Мухидин, Н. Сейдаз ат салысты. Олардың орындауында «Қазақ елі» және «Жаса қазағым» әндері орындалды. Балалар қазақ, орыс, украин тілдерінде халықтар достығы туралы поэзия жолдарын оқыды.

Интерактивті тақтада слайдтар көрсетіліп, «Біз әр түрліміз» кітап көрмесі ресімделді.

Страница 431 из 460