ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






08.02.2018
Людмила Разумовскаяның «Домой» атты пьесасы қойылымының тұсаукесері

2018 жылғы 8 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің 1 курс студенттері Қалалық мәдениет үйінде өткізілетін Людмила Разумовскаяның «Домой» атты пьесасы қойылымының тұсаукесеріне шақырылды.

Пьесаны Надежда Окунева жетекшілігімен халық театрының жастар труппасы ойнады. Пьесада өмірдің түрлі жағдайы салдарынан далада қалған жастар арасындағы алкоголизм мен нашақорлықтың мәселесі көтеріліп отыр. Көрермендер спектакльдан алған әсерінен ду қол шапалақтарын аямады.

07.02.2018
«Біз салатын үйіміз» тақырыбындағы пікірталас

2018 жылғы 7 ақпан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде студенттерді отбасылық тәрбиелеуге бағытталған «Біз салатын үйіміз» тақырыбындағы пікірталас өтті. Әрбір адамның өз үйі болу қажет. Жалғыз шатыр қана емес, адамды сағына күтетін, түсінетін, жылы да жайлы пана болуы тиіс. Біз қайда жүрсек те, ол туралы ұмытпаймыз.

Л-11 топ студенттері өзінің үйін салуға белсене қатысты. Осы үйде олар бір-бірін сүюге, түсінуге, қолдауға, үлкендерді құрметтеуге үйренді. Туған үйде туған-туыстар сені қолдап, жылы сөзбен, нақты істермен әрқашан да көмектесуге дайын. Сені жақсы көретін адамдар жеңістеріңе бірге куанып, жеңілістерің бірге бөліседі. Туған – үй алтыннан да қымбат.

07.02.2018
«Отбасымның тарихы» атты сынып сағаты

2018 жылғы 7 ақан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде ПВ-11 топ сынып жетекшісі Т.А. Михеева «Отбасымның тарихы» тақырыбындағы сынып сағатын өткізді.

Сынып сағатының мақсаттары: студенттердің отбасына деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ата-анасын қадірлеу, отбасының тарихына деген қызығушылық арттыру, өзге студенттердің отбасына құрметпен қарауды үйрету; ұжымды біріктіру.

Студенттер отбасының тарихы туралы таныстырылымдарды дайындап, пікірталасқа белсене қатысты.

06.02.2018
«Астана – бас қала!» атты сынып сағаты

2008 жылғы 6 ақпан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Б. Сүлейменова «Астана – бас қала!» атты сынып сағатын өткізді. Іс-шараға ДСП-11 топ студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаттары: Студенттерге еліміздің бас қаласы, астанасы – Астана туралы білімдерін қалыптастыру, астананың тарихына деген студенттердің қызығушылығын және ой-өрісін кеңейту, Отанымызды сүюге тәрбиелеу.

03.02.2018
«Қоршау. Ажалмен жекпе-жек» тақырыбындағы мұражайлық сабақ

2018 жылғы 1-2 ақпан күндері Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің ПМ-12, ДСП-11, ЭРУ-11 топ студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ұйымдастырған «Қоршау. Ажалмен жекпе-жек» тақырыбындағы мұражайлық сабаққа қатысты.

Сабақ қоршауға алынған Ленинград қаласы тұрғындарының ерлігіне арналған. Сабақтың мақсаты: студенттердің Ұлы Отан Соғысының қайғылы оқиғалары туралы түсінігін қалыптастыру, 900 күнге созылған қоршаудағы тұрғындардың өмір үшін күресі туралы ақпарат беру, жастардың адамгершілік және мақтаныш сезімін ояту.

Страница 386 из 460