2018 жылы 26 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде акт залында «Студенттер қатарына қабылдау» өткізілді.
Колледждің әкімшілігі концерттік бағдарламаны дайындаған студенттерге, КТК құрама командасына алғыстарын білдіреді.
Кузьмин Дениске, Корсаков Павлге (Т-31 топ), Мамедов Артурға, Павлова-Рыжов Савелийге (ОВМ-21 топ), Зинин Семенге, Бунков Романға, Арсланов Габитке (СТС-21 топ), Таран Константинге (Д-32 топ), Шиманская Юлияға (Д-33 топ), Партенадзе Кристинаға (Д-11 топ), Еремушкин Александрға (ДМ-11 топ), Шовдина Анастасияға (Б-11 топ), Колмакова Анастасияға, Бутко Софьяға, Асьянова Янаға, Бирюкова Екатеринаға (Д-11 топ), Стецюк Владиславқа (Л-22 топ), Абильмажинова Аделяға (ПО-11 топ), Мусин Алишерге (Л-11 топ), Военкова Вероникаға (В-11 топ), Крапива Дарьяға (Д-22 топ) алғыс білдіреміз.
2018 жылы 22 қазанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауын зерделеу бойынша «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті.
Студенттер отбасы және жастар, тұрғын үй және жалақы, жергілікті жолдар мен ТКШ, ауыл шаруашылығы және экология, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселелерін талқылады.
2018 жылдың 25 қазанында Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханашы Б. Ж. Нұртазина С. Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір мен тағдыр» атты әдеби-поэтикалық сағат өткізді.
Іс-шара өткізуге Б-11 және В-11 топтар қатысты.
Шараға қатысушылар С. Торайғыров шығармашылығы еркін қоғам туралы арманға толы екенін атап өтті. Оның болашаққа ұмтылған әдеби шығармалары адамгершілік, отанға деген риясыз махаббат идеяларына толы. Ақынның бай мұрасы-XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің феноменалдық құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлігі.
Іс-шара барысында студенттер С. Торайғыровтың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Итерактивті тақтада «Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Мен халықтың баласымын» атты бейнефильмдер, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» кітабы бойынша буктрейлер, сондай-ақ И. Ескендір "Оян, қазақ" клипі, слайдтар көрсетілді. Оқу залында «Жомарт талант иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылғы 24 қазанда Бәйкен Әшімов Петропавл теміржол көлігі колледжінде Петропавл қ.инсульт орталығының дәрігер-невропатологы Т. А. Гаркуша «Инсульттің алдын алу» тақырыбына әңгіме жүргізді. Дәрігер-невропатолог инсульттің алғашқы белгілері және олардың алдын алу, инсульт кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері туралы айтып берді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға Тамара Андреевна толық жауап берді.
2018 жылдың 24 қазанында жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу және қазақстандық әскерде әскери қызметтің беделін көтеру мақсатында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің СТС-21 және Л-21 топтарының студенттері алғашқы әскери дайындық оқытушыларының жетекшілігімен «Әскерге шақырылушылар күні» атты облыстық әскери-патриоттық акциясына қатысты.
Іс-шараның ашылуы ҚР Мемлекеттік Туын шығарудан басталды, оның барысында патриоттық әндер шырқалып, қоян-қолтық ұрыс, қару-жарақ тәсілдері, саптық амалдар көрсетілді.
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бөлімінде мерзімді әскери қызметті өткеру үшін шақырылушыларды салтанатты түрде жөнелту өтті.