2018 жылдың 22 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттерімен Ж. Р. Байғазина «Нашақорлық – қайғы ма, жоқ па?» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгімелесудің басты мақсаты есірткімен байланысты мәселелер бойынша жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыру, психобелсенді заттарды пайдалануды болдырмайтын дағдыларды дамыту болып табылады. Адамның негізгі әдеттері балалық шақта және жасөспірім жасында қалыптасады, сондықтан жасөспірімді зиянды құмарлықтан қорғау үшін алдын алу әңгімелерін жүргізу маңызды.
Әңгіме жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алуға, сондай-ақ жастардың есірткіге қарсы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Есірткінің проблемалары, есірткі заттарын қолданудың түрлері мен салдары туралы мәселелер талқыланды. Студенттер есірткі заттарына қатысты теріс ұстанымды айтып, кез келген қылмыстық әрекеттердің куәсі болса, дереу полицияға хабарласатындарына сендірді.
2018 жылғы 16 қазанда Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің алғашқы әскери дайындық бойынша оқытушыларымен оқу-дала жиындарын өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі базасында Б-21 және ПО-21 екінші курс топтарына сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер әскери қызметшілерді орналастыру тәртібімен, тұрмыстық үй-жайлармен, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысымен, сондай-ақ Қарулы Күштердегі саптық және спорттық дайындықтармен танысты. Сабақ соңында балалар мұражаймен, радио - және авиамодель клубтарымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта біздің елімізде әскери қызметтен баламалы өту бар – бұл әскери-техникалық мектептерде ақылы негізде оқудан өту. Қазіргі уақытта баламалы қызметті 24-27 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының ер азаматтары өте алады. Оқыту 40 күн көлемінде өтеді, одан кейін тәрбиеленушілер әскери ант қабылдайды және әскери билет алады.
2018 жылдың 17 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқу залында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Д.Ж.Ақышова мен А.Қ.Қабденова «Тіл мерекесі – ел мерейі» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Іс–шараға Б-11, Д-11, Б-21, Э-22 топ студенттері белсенді қатысты.
Іс–шара кезінде қазақ тілі және орыс тілінде әндер шырқалып, белгілі авторлардың тіл достығы туралы өлеңдері оқылды, презентация мен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің нышаны ретінде» атты бейнеролик көрсетілді.
2018 жылғы 05 қазанда Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қорытындысы бойынша Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде тәрбиеші В. Г. Журавлева «Жерлестер – мақтанышым менің» атты интерактивті сағат өткізді. Іс-шараны өткізуге I курс топтары қатысты: ПМ-11, ПО-11 және ЭРУ-11.
Балаларға Астанада «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпаздары мен Н.Ә.Назарбаевтың кездесуі туралы фильм көрсетілді. Онлайн-режимде кандидатуралар үшін 1,5 миллион азамат дауыс берді. Нәтижесінде 102 жеңімпаз анықталды – Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен әр түрлі өңірлерден, жас пен ұлттардан келген адамдар. Солтүстік Қазақстан облысынан жобаға 178 адам қатысты, оның 60-ы – білім беру саласының қызметкерлері.
Жоба қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан 8 адам жеңімпаз атанды. Олардың жетістіктері туралы балалар Махова Алина (Э-21 топ студенті) дайындаған «Жерлестер – мақтанышым менің» презентациясынан толығырақ білді.
2018 жылғы 28 қыркүйекте Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери институты базасында «Отан Қорғаушы-2018» облыстық әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының слетіне қатысты. Әскери институттың саптық алаңында салтанатты саппен әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтардың тәрбиеленушілері сапқа тұрды.
Биыл слетке әр облыстан 100-ден астам бала, 21 команда келді. Соңғы 7 жылда мұндай қатысушылар саны алғаш рет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ерекше рекорд. Шеруден кейін командалар спортзалға жарысқа көшті. Балалар күш-жігерін, ептілігін, жинақылығын, автоматтарды тез жинап, бөлшектеуді, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды көрсетті, белтемірге тартылып, арқан тартудан жарысты.
Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы үш кезең бойынша – әскери эстафетада жеңімпаз атанды. Жалпы есепте Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі 5 орынға ие болды.