2018 жылдың 23 қарашасында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет институты базасында жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Тілдерді білу – қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы» аймақтық полиглоттар байқауына Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы қатысты. Байқаудың мақсаты: жастар арасында көптілділікті насихаттау, толеранттылық пен мәдениетаралық байланысты тәрбиелеу.
Команда құрамына Дуйшанбе Азамат (Э-31 топ), Гельцер Виктория (Д-22 топ), Симонов Денис (ОВМ-21) енді.
Байқау қорытындысы бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы І орынды иеленіп, кубокпен және дипломмен марапатталды.
15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «Өз статусыңды біл» ұранымен АИТВ – инфекциясының алдын алу бойынша айлық өтуде.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І–ІІ курс студенттері үшін облыстық наркодиспансер психологы Ю. А. Семеновамен, дерматовенеролог дәрігер Р. С. Великановамен, СӨС қалыптастыру орталығының маманы К. М. Кусаиновамен тақырыптық лекциялар ұйымдастырылып, өткізілді.
Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Ж. Байгазина Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І – ІІ курс студенттері үшін интерактивті дәрістер циклін өткізді.
ІІ курс студенттері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған «Біз есірткіге қарсымыз» акциясына қатысты. Акция күні студенттер синтетикалық есірткі заттарын таратушылардың 100-ден астам мекен-жайын бояды.
Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XV форумына қатысқаны үшін Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Биисов Жаслан, Симонов Илья, Биисов Рустем, Зубкова Софья, Қазбек Камиля, Кожабергенова Альбина алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
2018 жылдың 20 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Б-11 тобында әлеуметтік-психологиялық қызметпен «Жауапты тәртіп-бақытты болашақтың кепілі» атты тақырыптық сынып сағаты өткізілді. Студенттер салауатты өмір салты туралы бейнероликтер қарап, жауапты мінез-құлық туралы жағдайларды талдап, пайдалы және зиянды әдеттер туралы тапсырмалар орындады.