

2026 жылғы 17 сәуірде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагогтері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новосельск орта мектебіне, Новоишим №1 және №2 орта мектептеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында барды. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау. Оқушылар колледжге түсу шарттары туралы сұрақтарына жауап алып, колледжде ұсынылатын мамандықтармен танысты.




2026 жылғы 9 сәуірде "Заң және тәртіп" айлығы кезеңінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін "АДАЛ АЗАМАТ" кешенді тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәрісхана ұйымдастырылды. Спикер ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аға инспектор полиция аға лейтенанты Жанар Сериковна Токтагулова сөз сөйледі. Іс – шара барысында "Темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ", "Есірткі заттарын өткізу" мәселелері қамтылды.




2026 жылдың 7-8 сәуір аралығында жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында "Электромонтаж жұмыстары" құзыреттілігі бойынша ТжКБ педагогтары арасында WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті. Осы құзырет бойынша қатысушылар "Өнеркәсіптік және азаматтық салалардағы монтаждау" модулі бойынша электр схемаларын электр монтаждауда бақ сынасты. Шеберлікті бағалаудың негізгі критерийлері қауіпсіздік, пайдалануға беру және схемалардың жұмысы, орнату жылдамдығы болды. Байқау қорытындысы бойынша Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің өндірістік оқыту шеберлері дипломдармен марапатталды: Щукин Владимир Леонидович - II дәрежелі диплом, Лосеев Игорь Геннадьевич-III дәрежелі диплом. Құттықтаймыз!

2026 жылғы 8 сәуірде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Жаныңдағы қолдау» атты шағын-тренинг өтті. Кездесу барысында студенттер бір-бірін қолдай білудің маңыздылығы туралы, қандай сөздер мен әрекеттер адамның көңіліне тиюі мүмкін, ал қайсысы шын мәнінде көмектесетіні жөнінде талқылады. Қатысушылар қысымсыз және бағалаусыз, жанашырлықпен қолдау көрсету жолдарын түсінетіндерін көрсетті. «Кейде ең маңыздысы – не айтқаның емес, адамның жанында болуың».



2026 жылғы 7 сәуірде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Денсаулыққа және жеке басының қол сұғылмаушылығына құқық. ТМД елдеріндегі денсаулық апталығы» тақырыбындағы диалог алаңының жұмысына қатысты. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жанат Женисович Жумабаев қатысты. Ашық диалог барысында келесі мәселелер талқыланды: адам құқықтары, жеке басының қол сұғылмаушылығы, азаматтардың жеке өмірін қорғау. Қонақ спикер ретінде №2 қалалық емхананың учаскелік фельдшері Дарья Владимировна Терентьева сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында салауатты өмір салтының қағидаттары туралы ақпарат берді: дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, күйзелісті басқару, жеке гигиенаны сақтау, су-тұз теңгерімін сақтау, тұрақты медициналық тексеруден өту қажеттілігі және қоршаған ортаға қамқорлық жасау.