
2026 жылғы 17 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бірінші курс студенттері «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан сотталғандармен телекөпір ұйымдастырылды.
Кездесу кезінде студенттер сотталғандарға сұрақтар қойып, олардың өмір жолы, құқық бұзушылық жасау себептері және бір кездері қабылданған шешімдердің салдары туралы білді. Сотталғандар өздерінің жеке оқиғаларымен бөлісіп, жіберілген қателіктер мен ойланбай жасалған әрекеттер адамның өмірін қалай өзгертуі мүмкін екенін айтып берді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Мұндай кездесулер студенттерге заңды сақтаудың маңыздылығын, бостандықтың қадірін және өмірде дұрыс, саналы шешім қабылдау қажеттігін түсінуге көмектеседі.




2025 жылдың 16 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде оқытушылар мен студенттер «Наурыз – құт – береке бастауы!» тауырсақ тарту өткізді. Мақсаты - қазақ ұлттық тағамдарын, оның ішінде ұлттық тағамдарды, ұмытылған игі дәстүрлерді жаңғырту және дәріптеу. Іс-шараға Э-11, Б-11 топ студенттері қатысты. Мерекелік іс-шарада колледж оқытушыларына, қызметкерлеріне, студенттеріне дәмді бауырсақ пен тәттілер тарту етілді. Студенттерге Наурыз мейрамына арналған слайдтар мен бейнематериалдардан тұратын «Наурыз - ұлыстың ұлы күні» бейне шолуы ұсынылды.

2026 жылғы 16 наурызда Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде колледж студенттері арасында «Қазіргі Қазақстан жастары арасындағы патриотизм – шындық па, әлде миф пе?» тақырыбында дебат турнирі өтті. Іс-шараның мақсаты – бүгінгі жас ұрпақтың өз еліне деген сүйіспеншілігін, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметін қаншалықты көрсететінін талқылау болды.
Дебат барысында студенттер жастардың қоғамдық өмірге, волонтерлік қозғалыстарға, мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуының мысалдарын келтірді. Олардың пікірінше, жастар өз елінің тарихына қызығушылық танытып, мемлекеттік бастамаларды қолдайды және Қазақстанның дамуына үлес қосуға ұмтылады. Сонымен қатар қатысушылар кейбір мәселелерді де талқылап, жастардың бір бөлігі шетел мәдениетіне көбірек бағдарланып, әрдайым белсенді азаматтық ұстаным таныта бермейтінін атап өтті.

2026 жылғы 13 наурызда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1-курс студенттері арасында, «Sanaly urpaq» құқықтық клубының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаментінің басшысы жалпы редакциялаған «Прокурордың 100 кеңесі» атты практикалық кеңестер жинағы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты — әртүрлі өмірлік жағдайларда студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларын меңгеру және жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғау жолдарын түсіндіру.
Жастар үшін ең өзекті мәселелердің бірі — құқықтық сауаттылық. Атап айтқанда: қылмыс туралы арызды қалай дұрыс беру керек, қандай жағдайларда жеке тексеру және жеке тінту жүргізіледі, қай кезде 72 сағатқа дейін ұстау мүмкін, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы мәселелер қарастырылды. Жастардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру олардың болашақтағы табыстылығының деңгейін айқындайды, қоғамда болып жатқан оң өзгерістерге бейімделуіне ықпал етеді және кәсіби қызметті жүзеге асыруда маңызды фактор болып табылады.

2026 жылғы 12 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында «Оқу колледжі» тұжырымдамасы аясында «Мұра» әдеби клубының отырысы «Көктем мерекесі – Наурыз» атты квиз форматында өтті. Наурыз мейрамы – Қазақстан жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайтатын мереке, табиғаттың жаңаруының, көктемнің келуінің символы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің сақталуын білдіреді.
Іс-шара барысында «Наурыз – жаңару мерекесі» атты слайдтық презентация мен бейнефильм, сондай-ақ «Наурыз» әнінің клипі көрсетілді. «Көктем» викторинасы мен «Асық» ойынында студенттер көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды, өз таланттарын көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Оқу залында «Күн шуақты Наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.