



2026 жылғы 22 сәуір күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің футбол алаңында жатақханада тұратын 1 және 2 курс студенттері арасында достық матч өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтына қызығушылықты арттыру, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және командалық ойын дағдыларын қалыптастыру. Ойын жылы, достық атмосферада өтті. Әр команда ұйымшылдық, өзара көмек және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Студенттер жақсы спорттық дайындықтарын, командалық рухтарын және қарсыластарға деген құрметтерін танытты. Кездесу қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті, ал қатысушылар сергектік пен жағымды эмоцияларға бөленді. Матчты ұйымдастырғаны үшін С.М.Абилевке алғыс білдіреміз.




2026 жылғы 22 сәуірде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында Шухов атындағы Орталық қалалық кітапханада өткен «Бүкіл әлем болып оқимыз» атты іс-шараға қатысты. Іс-шараның тақырыбы «Кітап — достықтың елшісі» болды. «Бүкіл әлем болып оқимыз» іс-шарасы әдебиет сүйер қауымды кітаптың мәдениеттер арасындағы достық байланыстарды қалыптастырудағы маңызын талқылау үшін біріктірді. Қатысушылар Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Есенберлин және Мағжан Жұмабаев сынды көрнекті қазақ жазушыларының шығармашылығымен танысып, олардың туындыларының аудармалар арқылы Қазақстаннан тыс жерлерге қалай таралғанын талқылады.




2026 жылғы 22 сәуірде Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алушы студенттері XI өңірлік WorldSkills Kazakhstan чемпионатына қатысып, «Графикалық дизайн» және «Web-технологиялар» сияқты сұранысқа ие құзыреттер бойынша кәсіби дағдыларын, креативтілігін және жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Чемпионатқа қатысу студенттеріміз үшін кәсіби дамудың маңызды кезеңі болып, нақты байқау тапсырмалары жағдайында өздерін көрсетуге, заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеу қабілеттерін танытуға және стандарттан тыс шешімдер табуға мүмкіндік берді. «Web-технологиялар» бағыты бойынша ПО-21 тобының студенті Никита Нетесов жүлделі I орынды иеленіп, заманауи веб-сайттарды әзірлеу, бағдарламалау, адаптивті верстка жасау және ыңғайлы пайдаланушы интерфейстерін құру дағдыларын көрсетті. «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша үшінші курс студенттері Даниил Барабаш пен Артем Степанкин II және III орындарды иеленіп, жарқын әрі бірегей жобаларын ұсынып, визуалды коммуникация, композиция және фирмалық стиль құралдары мен технологияларын меңгергендерін дәлелдеді. Біз студенттерімізді, олардың білімге деген ұмтылысын, табандылығын және заманауи технологиялар саласында дамуға деген құлшынысын мақтан тұтамыз. Чемпионаттың барлық кезеңдерінде қатысушыларға кәсіби дайындық пен қолдау көрсеткен тәлімгерлер С.В. Мироняк, В.В. Кревень, П.Г. Виркоға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да табыстар, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!




2026 жылғы 21 сәуірде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Кітап. Тарих. Шежіре» тақырыбы бойынша «Кітаппен ең үздік фотосюжет» атты фотобайқау ұйымдастырылды. Фотокөрме фотография мен көркем әдебиетті сүйетіндерді біріктіріп, кітап оқуды насихаттауға, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамытуға және кітапқа білім мен мәдени мұраның қайнар көзі ретінде қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал етті.




2026 жылғы 21 сәуірде Байкен Әшіов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Жас шеберлердің дағдылары – 2026» чемпионаты өтті. Чемпионат 6 бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Электромонтаж», «Машина жасау технологиясы», «Жылутехникалық жабдықтар және жылумен қамтамасыз ету жүйелері», «Теміржол вагондары мен рефрижераторлық жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Есеп және аудит». Чемпионатқа Петропавл қаласының 10 мектебі қатысты. Чемпионаттың негізгі мақсаты – WorldSkills қозғалысының құралдары негізінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау және заманауи әрі болашақ кәсіби құзыреттерді меңгеруге жағдай қалыптастыру.