

2025 жылғы 25 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде еңбек күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастықты дамыту және кадрлар даярлау сапасын арттыру болды.
Мереке аясында «Өндірістік әріптестік аясында білім беру технологияларын жетілдіру» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылып, сондай-ақ колледждің зертханалары мен кабинеттеріне таныстыру экскурсиясы өткізілді.
Қатысушылар білім беру ұйымдары мен өндірістік сектор арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, кәсіби даярлыққа озық технологиялар мен тәсілдерді енгізу тәжірибелерімен алмасты. Ерекше көңіл серіктестік байланыстарды нығайтуға, дуальды оқытуды дамытуға және болашақ мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жұмысқа бөлінді.
Диалог алаңы жұмысына колледждің әлеуметтік әріптестері – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, С.М.Киров атындағы зауыт, сондай-ақ «РТЖ» ААҚ-ның құрылымдық бөлімшесі – Оңтүстік-Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінің өкілдері қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға колледждің педагогтары мен студенттері белсенді қатысып, тәжірибеге бағытталған білім беруді дамытуға және өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуға қызығушылықтарын көрсетті.
Осындай кездесулердің өткізілуі білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің құрама командасын Солтүстік Қазақстан облысы ТжКБ ұйымдары арасында өткен «Құтқарушы» облыстық квест-ойынында жалпыкомандалық 2 орынды иеленуімен құттықтаймыз!
Команда мүшелері: Алхимов Роман, Л-32 тобы; Бубняк Дмитрий, Д-21 тобы; Кашникова Диана, Д-11 тобы; Кошиков Дмитрий, ТР-12 тобы; Пытьев Роман, Л-32 тобы.


2025 жылдың 24 қыркүйегінде Бәйкен Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1–2 курс студенттерінің АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ-дің алдын алу орталығының мамандарымен кездесуі өтті.
Орталық маманы Оксана Сергеевна Симухина және дерматовенеролог-дәрігер Асия Маратовна Шарипова әлемде, Қазақстан Республикасында және Солтүстік Қазақстан облысында АИТВ мен ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы; инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтының маңызы; жұқтыруға әкелетін мінез-құлық стереотиптері; жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.
Студенттер АИТВ-ның ашылу тарихы, ЖИТС-тің клиникалық көріністері туралы білді, викторинаға қатысып, АИТВ жұғу жолдары туралы бейнефильм тамашалады.
Кездесу мазмұнды да қызықты өтті, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша білімдерін кеңейтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға көмектесті.
Дылдина П.А. – әлеуметтік педагог


2025 жылғы 24 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ұлы да даңқты адам!» атты сұрақ-жауап сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру, студенттерде кәсіби құндылықтарды тәрбиелеу, еңбекке оң көзқарас қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді, зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуды жетілдіру.
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда 2013 жылғы қарашада Республика Президентінің Жарлығымен белгіленген Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты – жұмысшы мамандықтарына құрмет дәстүрін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын түсіну.
Еңбек – адам өмірінің мәні, оның маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Еңбек бізге тек материалдық игілікті ғана емес, сондай-ақ қанағат сезімін, өзін-өзі растауды және өзін-өзі жүзеге асыруды сыйлайды. Ол біздің тұлғалық дамуымызды қалыптастырады, қабілеттерімізді, дағдыларымызды және таланттарымызды ашуға көмектеседі.
Іс-шара барысында С-11 тобының студенттері таңдаған мамандықтың пайда болу және қалыптасу тарихын, өндірістегі қолданылу аясын білді. «Тарих беттерінен» атты викторина тапсырмаларын тамаша орындап шықты. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, «Мақалды жалғастыр», «Дәйексөзді шеш», «Мамандықты өлеңмен әңгімелейміз», «Құпия хат» конкурстарында өзіндік ерекшеліктерін, тапқырлықтарын, зеректіліктерін көрсетті.
Іс-шара барысында слайдтар көрсетіліп, «Барлық мамандық маңызды: дәнекерлеуші» атты бейнефильм ұсынылды. Оқу залында «Әр мамандық – ең маңыздысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Таран Т.А. – кітапханашы


2025 жылдың 24 қыркүйегінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс старосталары үшін "Жас көшбасшы мектебі" семинар-тренингі өткізілді.
Іс-шара көшбасшылық әлеуетті дамыту және Student Parliament Club жаңа жиынтығының белсенділерін біріктіру мақсатында өзін-өзі басқару шеңберінде ұйымдастырылды.
Тренинг эмпатияны біріктіру және дамыту ойындары, топта жұмыс істеу және сындарлы пікірталас жүргізу дағдыларын нығайтуға арналған тапсырмалар түрінде өтті.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор