Біздің еліміз осыдан бір жыл бұрын ғана отандық атаулы күндер күнтізбесіне енген мерекені екінші рет атап өтуге дайындалып жатыр. Тұңғыш Президент күні – бұл Ұлт Көшбасшысына шынайы бүкілхалықтық құрметтің куәсі, қазақстандық мемлекеттіктің қалыптасу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті үлесін мойындау болып табылады.
2013 жылғы 29 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихты көшбасшы жазады» тақырыбындағы ұлттық тарих сағаты өткізілді.
Іс-шараны өткізуге Э-23 топ (сынып жетекшісі В. А. Иванов) және Э-22 топ оқушылары (сынып жетекшісі Р. В. Медведенко) қатысты.
Іс-шараға қатысушылар біздің Тұңғыш Президентіміздің өмір жолын, адам, жеке тұлға, саясаткер, басқарушы және Қазақстанның Елбасы ретінде өсуінің басты кезеңдерін әңгімелеп берді.
Н.Ә.Назарбаевтың өмірі – бұл қиын кедергілерді жеңудің оқиғаларға толы тарихы, бұл кедергілер – қате түсінік, ескішілдік, өз күшіне сенбеушілік. Елбасы көп ұлтты халқын сеніммен бастап барады, өткізіліп жатқан реформалардың мәнін сабырмен түсіндіріп, олардың жүзеге асырылуын өзінің мызғымас беделімен қамтамасыз етіп келеді.
Біздің міндетіміз – әрқашан адал және мейірімді, жас мемлекетті құруды жалғастыруға әрқашан дайын адам және, әрине, өз Отанының нағыз Патриоты болу. Бұл ретте біздің күнтізбеміздегі жаңа мереке ұлы патриоттық күшке ие, ол Қазақстан халқының танымал Көшбасшысы, қазіргі заманның ұлы саясаткері, біздің еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастаған бағытына Қазақстан халқын біріктіруге көмектеседі.
Іс-шараны өткізу барысында қазақ, орыс тілдерінде поэзия шумақтары айтылды. Интербелсенді тақтада слайдтар, «Менің қалам» бейнебаяны, «Менің балалық шағымның аспаны» бейнефильмі көрсетілді.
2013 жылғы 23 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы С. А. Махина «Иненің ұшындағы қиял әлемі» тақырыбындағы саламатты өмір салты сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында есірткілердің, есірткілік заттардың зияны және олардың адам ағзасына жаман әсері туралы білімдерін қалыптастыру.
Іс-шараны өткізуге Э-11 (сынып жетекшісі Л. В. Девальд) және Э-12 (сынып жетекшісі Р. С. Жамұлдинова) топ оқушылары қатысты.
Оқушыларға «Незримая война» бейнефильмі көрсетілді. Интерактивті тақтада слайдтар берілді, сондай-ақ нашақорлық мәселесіне оқушылардың жеке көзқарасын анықтайтын тестілеу өткізілді.
Кітапхананың оқу залында «Жастар: «Есірткілерге – ЖОҚ!» дейді» кітап көрмесі ресімделді.

2013 ж. 11 қарашадан бастап 22 қарашаға дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушылары В. Ф. Гаган, Н. Е. Селезнев, Н. В. Казакова «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалында «Жалпы білім беретін пәндерді оқыту барысында қазіргі технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2013 жылғы 5 қараша күні Э-32 топ оқушыларымен арнайы пәндердің оқытушысы Л.А.Клышпекова «Темір жолдардың жалпы курсы» пәнінің «Локомотив шаруашылығы» бөлімі бойынша ойын сабағын өткізді.
Сабақта келесі мәселелер бойынша білім бекітілді:
– локомотив шаруашылығының ғимараттары мен құрылғылары;
– сумен қамтамасыздандыру;
– локомотив депосын жөндеу түрлері.