2014 жылғы 19 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің Т және КБ ұйымдары өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге: СҚО білім басқармасының басшысы Ш. Т. Каринова, СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Е. С. Әбілдинов, сондай-ақ Т және КБ оқу орындарының басшылары мен олардың орынбасарлары, Т және КБ оқытушылары (барлығы 180 адам) шақырылды.
Кездесуді Ш. Т. Каринова ашып, Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2014 ж. 17.01 «Қазақстан жолы-2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша кеңестің мақсатын тыңдаушыларға жеткізді және насихаттау тобының құрамында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Білім және ғылым вице-министрі Е. Н. Иманғалиевпен таныстырып өтті.
Ш. Т. Каринова Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың ұзақ мерзімді басымдықтарында көрсетілген білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттер туралы айтты, ұлттық білім берудің барлық буындарының сапасын жақсарту бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Кездесуді Вице-министр Е. Н. Иманғалиев жалғастырып, Қазақстанның болашағы, ең алдымен, қазақстандықтардың әлеуетін ашуға арналған жаңа мүмкіндіктер жасаумен байланысты екендігін атап өтті.
Дамыған Қазақстан – бұл белсенді, білімді, бәсекеге қабілетті азаматтар. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев инженер-техникалық қызметкерлерді даярлауға ерекше назар аудара отырып, білім саласының алдына үлкен міндеттер қояды.
Е. Н. Иманғалиев Т және КБ теориялық дайындығын арттыру қажет екендігі туралы; Германияның, Нидердандының дамыған білім жүйелерімен тәжірибе алмасу туралы; материалдық-техникалық базаны дамыту қажеттігі туралы айтты.
Вице-министр Е. Н. Иманғалиев кездесу барысында танысқан Петропавл темір жол көлігі колледжі материалдық техникалық базасының жоғары деңгейін атап өтті. Осы бағытта ұжымның атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.
Осыдан соң демографилық мәселені, оқушылардың жалпы санының, әсіресе солтүстік аймақта азайғанын атап өтті; жан басына қаржыландырудың келешегіне назар аудара отырып, оңтүстік аймақтардағы жастарды тарту туралы айтып кетті.
Әңгіме барысында әлеуметтік серіктестік және мамандарды сапалы даярлау, ИТҚ курстық қайта даярлау мүмкіндіктері жөніндегі; тек қазақ және орыс тілдерін білу ғана емес, бүгінгі күн талап етіп отырған ағылшын тілін білу баса айтылып, Т және КБ жүйесіне үштілділікті енгізу жөніндегі мәселелерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ашылып жатқан білім беру орталықтары мен зияткерлік мектептер арқылы Т және КБ оқытушыларының біліктілігін арттыру қажеттігі әңгіме арқауы болды.
Осыдан кейін диалог өтіп, оның барысында түрлі білім ұйымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы үшін мамандарды даярлау және еңбек нарығындағы сұранысты зерттеу туралы, білім берудің дуалды жүйесі аясында оқу үдерісін түзету мүмкіндіктері туралы, сағаттарды қысқартуға байланысты мектепте еңбек және технологияны оқытудағы қиындықтар және т.б. туралы сұрақтар қойды.
Сөзін қорытындылай келе, Вице-министр Е. Н. Иманғалиев барлық қатысқандарға алғыс айтып, СҚО білім саласының қызметкерлері Президент қойған міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтынына сенім білдірді.
2014 жылғы 19 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған «Мәңгілік ғұмырға қадам басқандар» атты салтанатты іс-шара өтті.
Ауған жауынгерлеріне мерейтойлық медальдерді Қорғаныс ісі департаменті бастығының орынбасары К. Г. Рожков табыс етті.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары Облыстық қолданбалы өнер көрмесіне қатысты. Көрмеге қойылған бұйымдардың ішінде Д-22 топ оқушысы Д. Омарованың жұмысы Республикалық көрмеге жол тартты.
Облыстық көрмеге қатысқандығы үшін Петропавл темір жол көлігі колледжі дипломмен марапатталды.
Кеңес Одағының құрамында болған барлық елдердің тарихында із қалдырған күн жақындап келеді. 15 ақпан күні кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толады. Іс жүзінде бұл тоғыз жылдан астам уақытқа созылған соғыстың соңы еді. Ол жарияланбаған соғыс еді, ұзақ уақыт бойы кеңес жастарының ауған халқына интернационалдық көмегінің шынайы сипаты айтылмады. Бірақ бұл туралы бәрі білген де емес. Ол соғыс көптеген кеңес адамдарының тағдырлары мен жүректерінде сыз қалдырды.
2014 жылғы 12 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында әскердің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған «Ауғанстан менің жүрегімде» әскери-патриоттық сағаты өткізіліп, оның шеңберінде бұл тарихи оқиғаға қатысқан Гвардия кіші лейтенанты Жалмұханов Нұрлан Жахейұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараны өткізуге ДМ–11 топ (сынып жетекшісі А. Ж. Шунаева) және Э-11 топ (сынып жетекшісі Л. В. Девальд) оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты оқушыларды ауған соғысының оқиғаларымен таныстыру, оқушылардың Ауғанстандағы кеңес әскері шектеулі контингентінің рөлі туралы түсініктерін кеңейту, патриоттық, парыз және абырой, ауған соғысының ардагерлеріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу еді.
Іс шараны өткізу барысында поэзия жолдары оқылып, интерактивті тақтада «1979 – 1989 жж. Ауған соғысы» слайдтары, «На необъявленной войне…», «Мы уходим» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді. ВЛ–12 топ оқушылары Б. Байзұлда және В. Хлебуш ауған соғысына арналған әндерді орындады.
2014 жылғы 05 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында «Электрмен жабдықтау» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары оқушыларының «СевКазЭнерго» АҚ кәсіпорындары тобының қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Оқушылар Компанияның («СКРЭК» АҚ, «Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС, «СевКазЭнергоСбыт» ЖШС, ЖЭО-2) кәсіпорындарына колледжді тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасу үшін шақырылды.
«СевКазЭнерго» АҚ Қазақстан Республикасының ірі корпорацияларының бірі «Орта Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация» АҚ құрылымына кіреді. Компанияда жас мамандарды бейімдеу бағдарламасы қызмет етеді және үнемі біліктілікті арттырып отыру мүмкіндігі, сондай-ақ толық әлеуметтік пакет және тұрақты жалақы бар.
Кездесу аяқталған соң қызығушылық танытқан оқушылар сауалнама–түйіндеме толтырды.