ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






19.04.2016
«Ислам және қоғам» атты конференция

2016 жылғы 18 сәуір күні «Ислам және қоғам» атты конференция өтті. Кездесуге «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері шақырылды.

14.04.2016
«Денсаулық – табысты мансапқа апарар жол» атты саламатты өмір салты сағаты

2016 жылғы 13 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында Т. А. Таран «Денсаулық – табысты мансапқа апарар жол» атты саламатты өмір салты сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Т-12 (сынып жетекшісі М. В. Торлопова) және Э-11 (сынып жетекшісі А. Б. Сулейменова) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар адамның денсаулығы – өмірлік мәні бар құндылық, ол бір-бірімен өзара байланысқан көптеген құрамдас бөліктерден тұратынын атап өтті. Денсаулыққа тұқым қуалаушылық, қоршаған ортаның жағдайы, денсаулық сақтау ықпал етеді, ал осы көрсетілетін ықпалдың жартыдан астам бөлігін саламатты өмір салты құрайды. Егер біз өз денсаулығымызды күтпесек – біздің болашағымыз болмайды. Біздің еліміздің болашағы – дендері сау адамдар.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды. Интербелсенді тақтада «Жастар арасындағы алкогольге тәуелділік» және «Спорт және саламатты өмір салты – сенің стилің» бейне фильмдері көрсетіліп, «Денсаулықты таңда» кітап көрмесі ресімделді.

Подробнее
13.04.2016
Прокуратура өкілдерімен кездесу

2016 жылғы 13 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында 4 Облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Р. Алишев және облыс прокурорының аға көмекшісі Р. Ж. Қожахметова «Жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу», «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Интернет кеңістігін қауіпсіз аралау», «ҚР әкімшілік заңнамасы» тақырыптары бойынша алдын алу әңгімесін өткізді.

07.04.2016
«Абай оқулары» қалалық байқауы

2016 жылғы 6 сәуір күні қалалық Мәдениет үйінде өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» қалалық байқауы өтті. Петропавл темір жол көлігі колледжінің атынан Б-21 топ студенті Адюшкин Сергей байқауда бақ сынады.

Байқаудың қорытындылары бойынша С. Адюшкин «Мәнерлеп оқу» номинациясында дипломмен марапатталды.

05.04.2016
О. Сүлейменовтің 80 жылдығына арналған әдеби кеш

2016 жылғы 4 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде О. Сүлейменовтің 80 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

Кештің жүргізушісі Хамит Исаұлы Мәмбетов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі ақындардың өлеңдерін оқып, еліміздің поэзиялық мұрасына студенттердің қызығушылығын туғызды.

Страница 423 из 460