2015 жылғы 20 мамыр күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы сырттай оқу бөлімі студенттерінің дипломдық жобаларды қорғауы өтті.
Темір жол көлігінің көп салалы жүйесінде жол шаруашылығы жетекші орындардың бірін алып отыр. Жол шаруашылығының негізгі міндеті жолды және жол құрылғыларын үнемі жарамды жағдайда ұстап тұру болып табылады.
Дипломдық жобалардың тақырыптары темір жол табанын жөндеудің сан алуан түрлерімен байланысты. Студенттер түйіспесіз жолдарды жоғары өнімді арнайы машиналар мен кешендерді қолдана отырып, күшейтілген орта және күшейтілген күрделі жөндеудің технологиялық үдерістерін құрастырды. Отандық және шетел темір жолдарында түйіспесіз жолды пайдалану тәжірибесі жолдың мұндай құрылымы ең озық екендігін дәлелдеп келеді.
Дипломдық жобаларды қорғау сәтті өтті.
2015 жылғы 17 сәуірден бастап 10 мамырға дейін «Алғыс» әскери-патриоттық клубының жауынгерлері Халықаралық еске алу вахтасына қатысты. Тула облысына келген топтың құрамына кіргендер: колледж түлектері:
- Курбанов Артем;
- Одинцов Иван;
колледж студенттері:
- Ченцов Сергей (В-41 топ);
- Кельм Александр (Т-31 топ);
- Наскенов Айбек (Д-31 топ);
- Некрут Максим (Д-31 топ);
- Жуков Роман (Т- 31 топ);
- Хамзин Қадырбек (В-31 топ);
- Розум Алексей (Т-21 топ);
- Рахметов Думан (Т-12 топ);
- Летергос Дмитрий (В-22 топ);
- Абсен Асхат (Л-23 топ);
- Черненко Евгений (Д-11 топ);
- Забузова Полина (Т-11 топ).
Ұландар 61 жауынгердің мүрдесін көтеріп, салтанатты түрде қайта жерледі, 10 қазалы медальон табылды, 2 медальон бойынша із-түзсіз кеткендердің есімдерін анықтау мүмкін болып отыр.
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,
Жеңіс күнін тойлайық жас-кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған,
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс!
Ұлы Жеңіс күнімен! Ұлы мерекенің ерлігі мен қаһармандығын ешқашан ешкім ұмытпасын. Жеңіс рухы жүректерді шабытандырып, жаңа ерліктерге, табыстар мен жетістіктерге жетелей берсін. Бар әлем бейбітшілікте өмір сүріп, ал соғыс туралы осы қасиетті мереке ғана еске салып отырсын.
Біздің үйлеріміз бен отбасыларымызға бақыт пен жарқын болашаққа үміт сыйлаған қаһармандар жасасын!
2015 жылғы 6 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында Д-11 топ (сынып жетекшісі Н. А. Урусова) және Т-11 топ (сынып жетекшісі Л. Н. Поролло) студенттерінің қатысуымен «Біздің жерлестеріміз – Ұлы Жеңісті жеткізушілер» атты әскери-патриоттық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы оқиғалар, ҰОС майдан далаларында аянбай күрескен біздің қаһарман жерлестеріміз жайлы әңгімелеу еді.
Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысы – біздің еліміздің, біздің әскеріміздің тарихындағы даңқты бет екендігін, осы соғыс бар әлемге біздің қаншалықты күшті екенімізді, ең бастысы, рухымыздың сынбайтынын көрсеткенін атап өтті.
Іс-шараны өткізу барысында соғыс жылдарында жазылып, осы күнге дейін біздің жүректерімізді толқытып жүрген поэзия жолдары оқылды. Соғыс жылдарындағы «Әлия», «День Победы» әндерінің сүйемелдеуімен слайдтар және «Соғыс шежіресі» бейне фильмі көрсетілді.
2015 жылғы 29 сәуір күніПетропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында кітапхана меңгерушісі Е. В. Моисеева Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Олар соғысты жеңді» атты зияткерлік байқауын өткізді.
Іс-шараға ПО-11 топ (сынып жетекшісі В. В. Кревень) және ПО-21 топ (сынып жетекшісі А. З. Құсайынова) студенттері қатысты.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
1. «Олар Отан үшін күресті» (ҰОС майдан даласында ерлікпен шайқасқан жандардың есімдерін атау);
2. «Найза мен қаламды қатар алып жүргендер» (Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ақындар туралы өзінің білімін тексеру);
3. «Соғыс жылдарындағы әндер» (соғыс ауыртпалықтары кезінде жауынгердің ажырамас серігі болып халықтың есінде сақталып қалған әндерді еске түсіру және атау);
4. «Олардың есімдерімен қала көшелері аталған» (біздің қаламыздың көшелеріне аттары берілген солтүстік қазақстандықтарды атау).
Іс-шараға қатысушылар байқауда белсенділік танытты, ҰОС тарихы, соғыс жылдарындағы әндер туралы жақсы білімдерін көрсетіп, біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен және өмірлерін қиған жандарға өз ризашылықтарын білдіріп, соғыстан оралмағандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұлы Отан соғысындағы тарихи оқиғалардың, соғыс тақырыбына арналған өнер және әдебиет туындыларының үздік білгірлері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Соғыс жылдарындағы «В землянке», «Соловьи», «Катюша», «День Победы» әндерінің сазды сүйемелдеуімен слайдтар көрсетілді.