ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






09.12.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2025 жылғы 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагогтары мен қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дәріс өткізілді. Іс-шара педагог қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған. Заңгер-консультант Альбина Сеилбековна Абишева ұжым алдында мынадай мәселелерді түсіндіре отырып сөз сөйледі: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы, сыбайлас жемқорлықтың көздері мен түрлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары, Педагог қызметкерлер мен қызметкерлердің білім мониторингі құқықтық сауаттылықтың жоғары деңгейін анықтады (94%).

05.12.2025
Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 5–12 желтоқсан аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің оқытушылары мен үгіт-насихат тобы Д.М.Карбышев атындағы №43 орта мектепке, №23, №28, №5 және №40 орта мектептеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында барды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Оқушылар колледжге түсу мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алып, колледжде ұсынылатын мамандықтармен танысты.

05.12.2025
«Үздік шиномонтажшы» кәсіби шеберлік байқауы

2025 жылғы 5 желтоқсанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Үздік шиномонтажшы» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету пункті» зертханасында 1 және 2 курс студенттері шиномонтаж және дөңгелек теңгерімдеу станоктарында кәсіби шеберлік дағдыларын көрсетті. «NeoCenter» ЖШС және «ФИТ Автосервис» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлері, сарапшылық комиссия мүшелері, қатысушылардың дайындығын жоғары бағалады. Байқау нәтижесі бойынша: 1-орын — ТР-21 тобының студенті Иванюк Тахир, 2-орын — ТР-12 тобының студенті Бороденко Андрей, 3-орын — ТР-21 тобының студенті Кандрашов Данил иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы табыстарға жете берулерін тілейміз!

05.12.2025
«ЭкоСағат»

2025 жылғы 5 желтоқсанда «ЭкоСағат» акциясы аясында Б. Ашимов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін лекция өткізілді. «ЭкоСағат» акциясы жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттырып, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы еріктілік және білім беру бастамаларына қатысуға ынталандырады. Студенттер алдында мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Мапенов Асхат сөз сөйледі. Кездесу барысында білім алушылар департаменттің негізгі қызмет бағыттарымен жан-жақты танысып, «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпарат алды.

04.12.2025
Кәсіптік бағдар беру экскурсиясы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 4 желтоқсанда «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК №5 орта мектептің 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Страница 36 из 460