ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






10.12.2025
Турнир ұлттық спорт түрлері «Бес асық»

2025 жылдың 10 желтоқсанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Бес асық» ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті. Іс-шараға 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Судья ойын өткізу тәртібі мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізді. Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1-орын – Еремушкина Анастасия Д-31; 2-орын – Енборисова Ангелина Б-21; 3-орын – Амангелды Аружан ПО-32. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдар және медальдармен марапатталды.

10.12.2025
Үстел теннисі бойынша турнир

2025 жылғы 10 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында үстел теннисі бойынша турнир өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, денсаулықты нығайтуға және белсенді демалысқа жағдай жасау, үстел теннисін популяризациялау, сондай-ақ қатысушылардың спорттық шеберлігі мен жарыс тәжірибесін арттыру. Турнирдің тағы бір міндеті – осы спорт түріндегі үздік ойыншыларды анықтау болды. Жарысқа жатақханада тұратын барлық қалаған студенттер қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар грамота және лайықты құттықтауларға ие болды. 1-орынды – Садыкова Гульнара (В-21 тобы), 2-орынды – Мушарапов Дамир (СР-21), 3-орынды – Сухоруков Алексей (ПО-11) иеленді. Іс-шара спорттық дәстүрлерді нығайтуға және студенттерді белсенді өмір салтына тартуға тамаша себеп болды.

10.12.2025
«Заң QUIZ» интеллектуалды ойыны

2025 жылдың 10 желтоқсанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Заң QUIZ» интеллектуалды ойынына қатысты. Студенттер Қазақстан Республикасының заңнамасы тақырыбы бойынша өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетіп, қызықты кейстерді шешіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, жаңа мәліметтер алды. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша студенттер құрметті 2-орынды иеленіп, медальдар және дипломмен марапатталды.

10.12.2025
2025 жылдың қорытындысы бойынша 2-орын

2025 жылдың 10 желтоқсанында «Жас батыр» облыстық әскери-патриоттық орталығында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесіндегі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласы бойынша жыл қорытындыларын шығару мақсатында салтанатты іс-шара өтті. Тәрбиелеу процесінің ең маңызды құрамдас бөлігі – жастардың патриотизмін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие ең алдымен әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында өсіп келе жатқан жас буынмен жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі 24 ТжКБ ұйымының ішінде құрметті 2-орынды иеленді.

09.12.2025
WorldSkills Kazakhstan 2025 жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 3–9 желтоқсан аралығында Астанада WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионаты өтті. Бұл – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мен өндірістік сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған кәсіби білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі. Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері чемпионатта Солтүстік Қазақстан облысын лайықты деңгейде таныстырды. • Шабанов Василий, «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша білім алушы ТМ-41 тобының студенті «СББ станоктарында фрезерлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 1-орын иеленді. Айта кетейік, бұл Василийдің WorldSkills Kazakhstan чемпионатында алған екінші алтын медалі. • Бахвалов Данил, ТМ-31 тобының студенті, осы мамандық бойынша білім алушы, «СББ станоктарында токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша 1-орын алды. Сонымен қатар, өңірлік WorldSkills чемпионаттарының нәтижелерін талдау негізінде кадрлық әлеуетті дамыту және ТжКБ жүйесі мен бизнес-сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін 15 жаңа құзыреттілік енгізілді. Солардың бірі — «Локомотивті басқару» құзыреттілігі. Осы құзыреттілік бойынша: «Теміржолдардың тарту жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша Л-41 тобының студенті Чернышенко Степан және Л-31 тобының студенті Корюшенков Егор 3-орынға ие болды. Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жеңімпаз студенттерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңімпаздардың шеберлеріне және тәлімгерлері Павел Владимирович Сенькинге, Михаил Михайлович Сущикке, Вячеслав Анатольевич Солдатовқа, Дмитрий Витальевич Кирилловқа алғыс айтамыз! Чемпионат жеңімпаздары 2026 жылы Қытайда өтетін халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Страница 35 из 460