2019 жылдың 11 сәуірінде «Патриот» айлығы және жалпы білім беретін пәндер апталығы шеңберінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Алғашқы әскери дайындық оқытушылары Т-11 және ДМ-11 I курс топтары арасында пейнтболға тактикалық ойын бойынша жарыстар өткізілді.
Топтар 10 адамнан тұратын командаларға бөлінді, нұсқаулықты өтті, киім-кешек, керек-жарақтарын алды, содан соң тактикалық қарумен қаруланды, жекпе-жекті бастады. Ойынның бірінші раундында Т-11 тобының командасы жеңіске жетті. Екінші раундта ДМ-11 тобы ойынның есебін теңестірді. Келесі раундта командалар үлкен ынтамен ұрысып, айқасты жүргізудің тамаша дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде – ойын әскери теңдікпен аяқталды. Балалар ойыннан жақсы көңіл-күй мен көптеген рахат алды, сонымен қатар жалпы әскери ұрысты жүргізу бойынша білім мен практикалық дағдыларды жетілдірді.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері үшін зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Путь в бездну» атты мұражай сабағына бару ұйымдастырылды. Сабақта балаларға атақты мысалдарда зиянды әдеттердің салдары және дәрі-дәрмектер патологиялардың көрнекі түрінде көрсетілді.
Бұл сабақтың мақсаты студенттерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу және АҚТҚ-ЖҚТБ-ның алдын-алу, сонымен қатар зиянды әдеттерге белсенді түрде қарсы тұру дағдысын қалыптастыру.
09 сәуір 2019 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Еркін Пікір" диалогтық алаңы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері үшін «Жастар – үлкен мүмкіндіктер ұрпағы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» КММ өкілдері: жұмыспен қамту орталығының маманы Ж. М. Нұрқыбаева, «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы А. А. Қайроллаев қатысты.
Кездесуде «Нұр Отан» партиясы бағдарламасының «Жастар – үлкен мүмкіндіктер ұрпағы» атты тоғызыншы мақсатының сұрақтары талқыланды: оның аясында жастарды әлеуметтік қолдау, жастардың әлеуетін дамыту, жастар арасында патриоттық деңгейін арттыру, мемлекеттік жастар саясатының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру қарастырылған.
2019 жылдың 4 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т.А.Таранмен «Біздің таңдауымыз – денсаулық пен өмір» атты салауатты өмір салты сағаты өткізілді.
Іс-шараны өткізуге В-11және Л-12 топ студенттері қатысты. Студенттерге салауатты өмір салты-бұл, тиісті тамақтану, дене дайындығы, моральдық көңіл-күй және зиянды әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты жақсартуға және сақтауға бағытталған адамның өмір сүру концепциясы екендігі айтылды.
Іс-шара барысында слайдтар, бейнефильмдер көрсетілді: «Қазақстанда салауатты өмір салтын дамыту», «Спорт және салауатты өмір салты-сенің стилің», « Здоровый образ жизни» ән бейнетаспасы.
Оқу залында «Денсаулық – өмірдің қуанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылғы Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі КМҚК қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерімен сіз ОСЫ ЖЕРДЕ таныса аласыз.