2019 жылы 24 сәуірде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ұрпақ үшін планетаны сақтаймыз» жобалар байқауы өтті.
Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ілгерілету аясында өтті. Байқаудың мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Байқауға I курс студенттері қатысты.
Балалар келесі тақырыптар бойынша жобалар дайындап, ұсынды:
– «Өнер айнасындағы табиғат» (Б-11 топ студенттері Жакупова Камила және Иманкулова Мерует).
– «Адам денсаулығының экологиясы» (Т-11 топ студенттері Аскар Эльдар және Болтабай Канат);
– «Сәнді индустриядағы экология» (ПО-11 топ студенттері Абильмажинова Аделина и Казаченко Александр);
– «Салауатты сұлулық» (Т-11 топ студенттері Москалева Екатерина и Плотникова Лада);
– «Пайдалы қоқыс» (Б-11 топ студенттері Зябликова Ирина и Назипова Ильнура);
– «Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» (Б-11 топ студенттері Гальвас Кристина и Лезова Алена);
– «Жасыл еріктілер» (ДМ-11 топ студенттері Джемилев Никита, Вильд Даниил, Паничук Анатолий);
– «Өнердегі экология» (Б-11 топ студенттері Зара Ирина и Хоменко Максим);
– «Болашақ көлігі» (Б-11 топ студенттері Пфлюк Мария и Риб Елена).
2019 жылы 24 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде Қазақстан жастарының жылына арналған «Жаңа идеялар аумағы» атты облыстық TED-конференция өтті. Колледж әкімшілігі конференция жұмысына белсенді қатысқан Э-43 тобының ІV курс студенті Алексеев Владиславқа алғыс білдіреді.
2019 жылғы 23 сәуірде «Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ базасында облыстық техникалық шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге Петропавл қаласы мен облыстың мектептері мен колледждері қатысты.
Көрме қорытындысы бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Еремин Сергей және Ахметов Руслан (жетекшісі Семеско В. Г.) «Әскери техника»бөлімінде І орынды иеленді.
2019 жылдың 22 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Патриот» айлығы аясында АӘД кабинетінде колледж түлегі Иванов Евгенийдің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметінен кейін кездесу-құттықтау рәсімі өтті.
2014 жылдың қыркүйек айында Евгений 1107000 «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша I курсқа түсті. Колледжде оқу кезінде өзін жақсы студент ретінде көрсетті, гирьдік спортпен шұғылданды, «Сұңқар» облыстық спартакиадасында колледж намысын қорғады.
2018 жылдың наурыз айында Евгений колледжді сәтті аяқтап, ҚР ҚК қатарына шақырылды. Қалалық және облыстық комиссиядан өткеннен кейін сол жылдың 11 сәуірінде Евгений мерзімді әскери қызметке шақырылды. Әскери қызметін Батыс Қазақстанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2018 әскери бөлімінде атқарды.
Қызмет барысында үлгілі мінез-құлықтары мен үздік көрсеткіштері үшін Евгения «ІІ дәрежелі Шекара қызметінің үздігі» медалімен марапатталды. Қызметті аяқтағаннан кейін Евгений туған қаласына келіп, туған колледжінің қабырғасына кіріп шықты. Кездесу барысында Л-11 топ студенттерімен әскери қызмет өткеру туралы естеліктерімен бөлісті.
2019 жылдың 18 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Тарих сабақтары. Ұлтаралық келісім» атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел жұмысына 1-курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел отырысы барысында көп ұлтты Қазақстан тарихы, ҚР Ұлттық саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, Солтүстік Қазақстан облысының ұлттық-мәдени бірлестіктері талқыланды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ұлтаралық келісімді сақтаудың маңызды шарттарын анықтады, сондай-ақ студенттердің сауалнамасына талдау жасалды.