ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






16.05.2019
«Жас сарбаз»

2019 жылдың 16 мамырында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтың қатысушыларымен ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Ант қабылдауға СҚО қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Д. Т. Толыбай, жауынгер-интернационалист П. П. Цвингер, СҚО бойынша «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының төрағасы Ә. E. Төлебай қатысты. Құрметті қонақтар студенттерді ант қабылдаумен құттықтап, табыс тіледі.

16.05.2019
Жазғы Президенттік көпсайыс

2019 жылдың 15-16 мамырында Петропавлда Жазғы Президенттік көпсайыс өтті. Президенттік көпсайыстың басты міндеттерінің бірі-жастар арасында спортты насихаттау.

Жарысқа қала колледждерінің спортшылары қатысты. Спортшылар атудан, граната лақтырудан, жүзу мен жеңіл атлетикадан өз күштерін сынады. Әр қатысушы өз командасы үшін ұпай жинады.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы ІІІ орынға ие болды.

Команда құрамы:

1. Разумова Алёна;

2. Кельш Наталья;

3. Клюк Вероника;

4. Коваленко Виктория;

5. Шиворногов Артём;

6. Макаров Владислав;

7. Моор Николай;

8. Таш Ерлан.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

14.05.2019
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттары бүкіл қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруды көздейді.

09.05.2019
9 Мамыр – Жеңіс Күні!

Ұлы Жеңіс!

Сүйінші, халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата - анамыз!

Шаттан ата - бабамыз!

Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

9 Мамыр – ерекше күн, бұл бізге қымбат, өйткені ол әрбір отбасы тарихының бір бөлшегі және Отан қорғаушылардың бірлігін, күшін, халық рухын, ерлігін бейнелейді.

Бұл - бәріміз үшін ерекше мереке. Ауыр сынақ жылдарында ел жаумен күреске көтерілді. Бәріне ортақ қайғы адамдарды біріктіріп, жоғары патриотизмді, ерлікті және төзімділікті оятты. Сол соғыста біздің халық Ұлы Жеңіске жетті, Отанның тәуелсіздігін сақтады. Фашизмді талқандаған, болашақ ұрпақ үшін бейбіт және еркін елді сақтай алған адамдардың ерлігі ерліктің, төзімділіктің және патриотизмнің символы болып қалады.

Біз ұрыстарда өлімге қарсы жүріп өткендер туралы, тылдағы ерлік еңбегімен Жеңісті жақындатқандар туралы, елді жаудан қорғаған адамдар туралы есте сақтаймыз.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне бүгінгі күні Еркін елде өмір сүруге және оның болашағы, біздің балаларымыздың болашағы туралы ойлауға мүмкіндік бар екендігі үшін тағзым ету өте маңызды.

Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, жеке бақыт, отбасылық игілік және бейбіт аспан тілейміз!

07.05.2019
Отан қорғаушылар күні

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.

Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.

Мейрамдарыңмен аға, іні бауырлар.

Орындалсын алға қойған үміттер.

Тәуелсіздік пен бейбітшілік-мемлекеттің даму және прогресінің кепілі. Әскер осы екі маңызды факторын сақтауды қамтамасыз етеді. Сондықтан Қазақстанда Отан қорғаушылар күні - әдемі және шабыттандыратын мереке.

Әскери борышын еліміздің барлық ер азаматтары атқарады. Бұл әрбір азаматқа Отан үшін, оның бостандығына, өз халқы үшін өз жауапкершілігін сезінуге көмектесетін жалпы міндет.

Отан қорғаушылар күні-нағыз ерлердің мерекесі, олар үшін құрмет пен адалдық басты өмірлік қағида болып табылады.

Құрметті ер азаматтар, шын жүректен Сіздерге ешқашан жеңілісті білмеуге, мақсатты және батыл болуға тілектеспіз. Сіздердің болат білектеріңіз бен мықты жүйкелеріңізге, төзімділіктеріңізге, күштеріңіз бен ақылдарыңызға біздің Отанымыз сенім артатынын ұмытпаңыздар! Сіздердің жүректеріңіз әрдайым жалынды, сүйіспеншілікке толы, күш-жігерлеріңіз мықты болсын.

Страница 347 из 460