Жыл сайын бүкіл әлемдік қоғамдастық 26 маусымда Халықаралық нашақорлықпен күрес күнін атап өтеді. В этой связи, 19 июня 2019 года Управление по противодействию наркопреступности ДП СКО совместно с молодежным общественным объединением «Молодежь за ЗОЖ!» провела спортивную акцию «Тренировка с чемпионами!». Осыған байланысты, 2019 жылғы 19 маусымда СҚО ЖП есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы «Жастар СӨС үшін!» жастар қоғамдық бірлестігімен бірігіп, «Чемпиондармен жаттығу!» спорт акциясын өткізді.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері жеңіл атлетика, спорттық бағдарлау, тай боксы және жеке салмағы бар күш жаттығулары бойынша мастер-класстарға қатысты. Ең белсенді қатысушылар футболка алды.
2019 жылдың 11 маусымында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде оқытушы И.А.Сергеевамен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Қатысушылар республикалық «Таза сессия» акциясына қосылды, оның негізгі мақсаты сынақтар мен емтихандарды тапсырудағы ашықтық, сапа және академиялық адалдық болып табылады.
Дәстүрді сақтай отырып және инновациялар енгізе отырып, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі мансаптық өсу мүмкіндігін және қоғамдағы лайықты жағдайды қамтамасыз ететін сапалы кәсіби білім берудің кепілі болып табылады.
2019 жылы 7 маусымда Жастар сарайында Президент сайлауына үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау форумы өтті. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері форумның өтуіне белсенді қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан халқына үндеу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті қызметінен кету туралы шешім жариялады. Қалған мерзімге ҚР Президентінің өкілеттігі Конституция нормаларына сәйкес ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысты. 20 наурызда ант берілгеннен кейін ол ел басшылығына кірісті.
9 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасау барысында ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Президенті сайлау 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.
– Сіздердің әрқайсыларыңызға айтарым, ел Конституциясына сәйкес мен 2019 жылғы 9 маусымда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен Елбасынмен кеңесіп, екі палата спикерлерімен, премьермен кеңесіп, Конституциялық Кеңеспен келісе отырып, партия көшбасшыларымен кездестім, – деді Тоқаев.
2019 жылдың 5-6 маусым аралығында Петропавлда колледж студенттері арасында жеңіл атлетика бойынша жарыс өтті.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің команда құрамы:
1. Шиварногов Артём;
2. Демышев Михаил;
3. Макаров Владислав;
4. Капез Куаныш;
5. Кусаинов Шокан;
6. Моор Николай;
7. Истомин Андрей;
8. Таш Ерлан;
9. Кельш Наталья;
10. Сычёва Карина;
11. Разумова Алёна;
12. Клюк Вероника;
13. Комиссарова Татьяна;
14. Коваленко Виктория;
15. Клюева Милена;
16. Лешенко Ольга.
Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша 100, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, «Швед эстафетасы», ұзындыққа секіру және найза лақтыру бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жарыстың жүлдегерлері:
1. Истомин Андрей I орын – 33,30 м нәтижесімен найза лақтыру;
2. Таш Ерлан III орын – 11,8 секунд нәтижесімен 100 м жүгіру;
3. Демышев Михаил III орын – 1500 м жүгіру 4 мин 45 сек нәтижесімен;
4. Демышев Михаил III орын – 3000 м жүгіру 10 мин 06 сек нәтижесімен;
5. Сычёва Карина III орын – 800 м жүгіру 4 мин 01сек нәтижесімен;
6. Швед эстафетасы III орын: Таш Ерлан – 100 м, Шиворногов Артём – 200 м, Истомин Андрей – 300 м, Демышев Михаил – 400 м.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!