ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






04.09.2020
«Кітапханалық калейдоскоп» атты республикалық қашықтық байқау

2020 жылғы 28 тамыз күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңРеспубликалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныңбілім алушылары арасында «Кітапханалық калейдоскоп» атты республикалық қашықтық байқауөткізді.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларды шығармашылық іске тарту, әдеби қабілеттерін, көркем талғамдарын және сұлулықты тануға қажеттіліктерін дамыту.

Байқаудың қорытындылары бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Васильева Валерия (Т-11 топ) «Ал біздің кітапханада...» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен, ал жетекшісі КабденоваГульсумМурзагалиевна– алғыс хатпен марапатталды.

03.09.2020
Жастар ортасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да факторлардың әсерінен деструктивті ықпалға неғұрлым бейім жастар ортасында радикалды көзқарастар мен пікірлер оңайырақ қалыптасатыны мәлім. Осылайша, өздерінің саяси мүдделері үшін ресейлік жастарды белсенді пайдаланатын экстремистік және террористік ұйымдардың қатарын жас азаматтар толықтырады.

Жастар ортасы өздерінің әлеуметтік сипатына және айналасындағыахуалдықабылдау өткірлігіне байланысты теріс наразылық әлеуетінің шоғырлануы және іске асырылуы айтарлықтай тез болатынқоғамның бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары жастарды өздерінің қызметіне тартатын экстремистік қозғалыстардың бірқатары жанданғаны байқалып жүр. Соңғы бес жылдағы мәліметтерді талдау қылмыстық қызметі тоқтатылған бес адамның ішінде төртеуінің жасы 30-дан аспайтынын көрсетеді.

Осы уақытта экстремистік-ұлтшылдық бағыттағы бейресми жастар ұйымдары (топтары) мүшелерінің дені 30 жасқа дейінгі жастар болып отыр және де 14-18 жастағы кәмелетке толмаған адамдар болуы жиі кездесіп жүр. Қылмыс субъектілері негізінен ер адамдар болып табылады, алайда бейресми жастар экстремистік топтары мүшелерінің арасында жас ер адамдарменқатар қыздар да кездеседі.

Бейресми экстремистік топтар өздерінің құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттерін белгілі бір идеологияға негіздеп жүзеге асырады, оның негізгі тезисі мынадай болуы мүмкін: еліміздегі барлық саяси және экономикалық мәселерді шешу үшін «ұлттық» мемлекетті құру керек, өйткені олардың түсінігі бойынша,мұндай мемлекет кез келген қауіптен қорғайтын кепіл ретінде қызмет етеді. Аталмыш «Таза мемлекет» идеясы «скинхедтарға»ғана емес, сонымен қатар діни негізде «таза мемлекетті» құруға шақыратын діни экстремистергеде тән. Мұндай идеялар түрткі болған мінез-құлықтың бір ұлттың адамдарына немесе дінге қарсы көзделген қатаң бағыты болады. Бұған,экстремистердің ойынша, барлық бәле«себепшісінің» әрекетіне салғырт қарайтын қазіргі билікке деген жек көрушілік қосылып, экстремистік идеялардың одан да кең таралуына әкеліп соғады.

Тап осы идеялар бейресми жастар экстремистік топтары қалыптасатын іргетасқа айналады.Өз ұстанымдары қарапайым әрі бірмағыналыболғандықтан және агрессияға толыекеніне қарамастан өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін дереу, дәл қазір көру мүмкіндігіне берілген уәденіңарқасындаэкстремистер насихаттайтын көзқарастар жүйесі жастар үшін тартымды болып көрінеді. Экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың күрделі әрі тынымсыз үдерісіне жеке өзі қатысудың орны қолданылып жүрген қағидаларды толықтай күйретіп, оларды утопиялық жобалармен ауыстыруға шақыратын өресіз үндеумен алмастырылады.

2004 жылғы 1 қыркүйек күні Беслан(Солтүстік Осетия) қаласының № 1 мектебінде жаңа оқу жылының бастауына арналған салтанатты жиналыс өткізу кезінде адамдарды кепілге алу орын алды. Екі жарым күн бойы террористер миналанған ғимаратта 1100-ден астам кепілге алынған адамды (басым көпшілігі балалар, олардың ата-аналары және мектеп қызметкерлері) ең негізгі табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырудан да бас тартып, ауыр жағдайда ұстады.

3 қыркүйек күні мектеп спорт залында жарылыстар болып, өртке ұласты, нәтижесінде ғимарат ішінара құлады. Бірінші жарылыстардан кейін кепілге алынған адамдар мектептен қашып шыға бастап, Федералды қауіпсіздік қызметі Арнайы тағайындалған орталығының (ФҚҚ АТО) күшімен шабуыл ұйымдастырылды. Жеке қаруларын пайдаланған азаматтық тұлғалар да қатысқанастан-кестен атыс кезінде 27 террорист өлтірілді (екі жанкештіні қосқанда төртеуі шабуылға дейін 1 қыркүйектен бастап 3 қыркүйекке дейінгі аралықта қаза тапты). Тірі қолға түскен террорист, Нурпаша Кулаев, тұтқынға алынып, кейін соттың үкімімен өмір бойы абақтыға жабылды.

Шабуыл кезінде көптеген кепілге алынған адамдар босатылғанымен, теракт нәтижесінде кепілге алынған адамдардың 314-і қаза тапты, олардың ішінде 186 бала бар. Құтқарушыларды қоса алғанда барлығы 333 адам көз жұмып, 783 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Сондықтан экстремизм, ұлтшылдық және терроризм идеологиясын белсенді насихаттайтын, ұлты басқа немесе діні басқа адамдарға, шетел азаматтарына қарсы экстремистік және террористік бағытталған қылмыстарды жасауға үндеу тастап, сондай-ақ жарылғыш заттарды жасау бойынша толық нұсқау беретін, террористік актілер жасауға, «ұлтшылдық» кісіөлтіруге және т.б. шақыратынэкстремистік-ұлтшылдық және экстремистік-террористік топтарды, Ғаламтордағы сайттарды анықтап, оларды жою шараларын жүзеге асырубойынша болдырмау және алдын алу жұмыстарының қажеттілігін атап өту қажет. Ерте анықтап, қажетті алдын-алу шараларын қолдану жасөспірімдердің құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттерді жасауға тұрақты бет алуын қалыптастыруға айтарлықтай дәрежеде жол бермеуге көмектеседі. Жастар ортасында идеялар жүйесін, тасымалдаушы субъектілерді және қорлықты қандай да бір мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану мүмкіндігін мүлдем жоятын, оң қоғамдық сананымемлекеттен дербес тұрып қалыптастра алатын тарату арналарын құру керек. Мұндай жүйе азаматтық қоғам институттары, ғылыми және бизнес-қоғамдар, білім беру құрылымдары және бұқаралық ақпараттық құралдары бола алады және болуы тиіс.

Подробнее
01.09.2020
Қоғамдық жерлердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері

ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Сақ болыңыз. Егер сіз мінез-құлқы сізге оғаш болып көрінетін адамдарды, иесі жоқ ерекше затты немесе басқа да күдікті ұсақ-түйектерді байқасаңыз, бұл туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлаңыз. Ешқашан бейтаныс адамдардан пакеттер мен сөмкелерді қабылдамаңыз.

Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет жоспары туралы отбасы мүшелерімен (немесе достарыңызбен) келісіп, шұғыл жағдайда тұрақты кездесу орнын анықтаңыз және бір-біріңіздің телефон нөмірлеріңізді және электрондық пошта мекенжайларыңызды жазып алыңыз. Серуенге шығар алдында ата-анаңызға немесе достарыңызға міндетті түрде айтыңыз. Нашар жарықтандырылған және кісі жүрмейтін жерлерден аулақ болыңыз. Бейтаныс адаммен кездескенде, оның әрекеттері мен арандатушылықтарына қарамастан әңгімеге араласпауға тырысыңыз. Егер сіз бейтаныс адаммен сөйлесе қалсаңыз, ешқашан қай жерде тұратыныңызды, жақындарыңыздың қай жерде тұратынын және ата-анаңыздың қай жерде жұмыс істейтінін айтпаңыз. Ешқашан сыйлықтар, ақша қабылдамаңыз, бейтаныс адамдармен бірге көліктерге отырмаңыз. Егер бір топ адам сізді сұрақтармен тоқтатса, тоқтамаңыз. Осылайша сіз шабуылдаудан аулақ бола аласыз және қоршауға алынбайсыз. Егер аласапыран басталған болса немесе сіз арнайы қызмет қызметкерлерінің белгілі бір бағытта белсенді қозғалысын байқасаңыз, басқа бағытқа өтіңіз.

Әрқашан ғимараттан апаттық шығу есіктерінің қай жерде орналасқандығын біліп алуды әдетке айналдырыңыз. Қандай жағдай болса да, үрейленбеуге тырысыңыз.

КӨПШІЛІК ІШІНДЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қабырғаларға жақын, залдың бұрыштарындағы, қашып шығу қиын және көпшіліктің басып кету қаупі бар жерлерден орын алмаңыз. Адамдардың көп жиналуынан аулақ жүріңіз. Болып жатқан оқиғаларға қанша қарағыңыз келсе де, көпшілікке қосылмаңыз. Егер көпшілік қозғала бастаса және сізді өзіне ілестіріп әкетсе, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, қолыңызды шынтағыңыздан бүгіңіз де, кеудеңіздің алдында ұстаңыз. Егер өзіңізбен бірге қандай да бір үлкен заттар болса - чемодан, рюкзак, үлкен сөмкелер, лақтырыңыз, олар сіздің құлап түсуіңізге әкелуі мүмкін.

Қысылған жағдайда, терең дем алып, шынтағынан бүгілген қолды сәл басқа жаққа қарай созыңыз, сонда кеуде қуысы қысылмайды - сіз көпшіліктің қысымына төтеп беріп, өзіңізді қысылып қалудан сақтай аласыз. Бойыңызды бос ұстамаңыз және өзіңізді қысуға жол бермеңіз. Егер адамдар саны көп болса, онда сіз қарсы тұрмай, көпшіліктің қозғалған бағытымен әкетуіне көнгеніңіз жөн. Көпшіліктің ортасында болуға тырысыңыз (онда ауа көп, қозғалыс жасауға мүмкіндік бар). Кез-келген тәсілмен аяғыңызда тұруға тырысыңыз.

Қозғалып бара жатып, аяғыңызды мүмкіндігінше жоғары көтеріңіз, аяғыңызбен табаныңызға тік тұрыңыз, майдалап аттамаңыз, аяқтың ұшымен көтерілмеңіз. Егер сіз бірдеңені түсіріп алсаңыз, оны алу үшін ешқашан еңкеймеңіз. Егер сіз құлап қалсаңыз, мүмкіндігінше тезірек аяқтарыңызға тұруға тырысыңыз. Мұны жасаған кезде қолыңызға сүйенбеңіз. Бір сәтке болса да табаныңызда немесе аяқтың ұшында тұруға тырысыңыз. Тірек тапқасын, аяқтарыңызбен жерден тез итеріп, «жүзіп шығыңыз». Егер көтерілу мүмкін болмаса, басыңызды білегіңізбен, алақаныңызбен қорғап, желкеңізді жауып, домалақ болып оралуға тырысыңыз.

18 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандарға тыйым салынады:

- оқу жылында сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін, каникул кезінде және демалыс күндері 23-тен таңғы 6-ға дейін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың бірге жүруінсіз қоғамдық орындарда болуға;

- спирттік ішімдіктер ішуге, құмар ойындар ойнауға, сондай-ақ тез тұтанғыш, жарылғыш заттармен, шиті мылтықпен, пышақтармен, айырсадақтармен ойнауға, алау жағуға;

- бұл үшін белгіленбеген жерлерде шомылуға;

- кіреберістері бар үйлердің, лифтілердің, автобустардың және басқа да қоғамдық орындардың қабырғалары мен жабдықтарын зақымдауға;

- үйлердің төбелерінде, шатырларында, жертөлелерінде жүруге, кәсіпорындар мен мекемелердің аумағында болуға;

- қоғамдық орындарда былапыт сөйлеуге.

Подробнее
01.09.2020
Хабарландыру

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі өңірдегі ірі колледждердің бірі, колледжде теміржол және техникалық мамандықтар бойынша 878 студент білім алады.

Колледж студенттері үшін жаңа оқу жылы он-лайн форматта басталды. Қашықтықтан білім беруді іске асыру үшін қажетті құралдар бар, атап өтер болсақ – сапалы электрондық білім беру ортасын құру; оқытушылар мен студенттер арасында ақпараттық-білім беру коммуникациясының мәдениетін біртіндеп қалыптастыру, материалдық-техникалық базаны нығайту; автоматтандырылған ақпараттық жүйені ұйымдастыруды жетілдіру. Колледждің оқытушылар құрамы мен студенттері қашықтықтан оқуға дайын.

01.09.2020
Бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты»

2020 жылғы 1 қыркүйек күні Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті: қалыптастыру, адалдық, әділдік парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп атап өткен.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Страница 313 из 460