ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






15.09.2020
Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің студенттері арасында өткізілген облыстық дебат турнирі

«Жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс–шаралар кешені» жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің студенттері арасында облыстық дебат турнирі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: аймақтағы және елдегі барлық мәселелерді талқылау және талдау арқылы студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Турнир онлайн форматта өткізілді. 22 команда ұсынылды. Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің атынан Л-21 тобының студенттері Громак Вадим және Мергенов Адильхан қатысты. Жас бозбалалар жақсы өнер көрсетіп, шешендік өнердің жақсы дағдыларын көрсетті.

12.09.2020
Отбасы күні

2009 жылы еліміздің Әйелдер істері және отбасылық-демаграфилық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін бекітуге бастама білдірді. 2013 жылы Қазақстан Тұңғыш Президентінің Жарлығымен жаңа мереке белгіленіп, оны атап өтудің күні – қыркүйек айының әр екінші жексенбісі болып анықталды.

Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз!

Біздің студенттерімізді «Отбасы – мәңгі сенімен болатын асылың!» тақырыбындағы эссе байқауына белсенді қатысуға шақырамыз (olga19031993@mail.ru) .

Осы жылы мереке 13 қыркүйек күніне келіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанда отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс ретке қойылған, отбасы саясаты мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Әр адам үшін өмірінің маңызды бөлшегі – отбасы. Қазақстан - тұрғындары отбасылық байланыстардыжәне отбасылық қарым-қатынастағы жылулықты жоғары бағалайтын ел. Қазақстандықтар үшін отбасы – тірек пен шаттықтың, қуаныш пен өзара көмектің сарқылмас көзі. Қазақстан бұл мерекені әр азаматтың өміріндегі отбасы бақытының маңызын көрсету үшін енгізді. Дәл осы отбасында біз мәреге шығып, қандай да болмасын жағдайда қолдау мен қорғаныс табамыз, айналамыздағыларды сүюге және қамқор болуға деген тілегімізге жетеміз. Туысқандардың бұл сезімдері мен тілектері үндес, отбасы іші – жеке адамды, дара тұлғаны қалыптастырудың қайнар көзі.

Отбасының мемлекеттілікті қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететініне күман жоқ. Мықты отбасылардың арқасында халықтың салт-дәстүрін, рухани және мәдени құндылықтарын сақтап, көбейтуге болады. Сол себепті Қазақстан басшылығы осындай мерекенің аясында отбасы институтына көңіл бөлуді ұйғарды. Бақытты қазақ отбасылары –ата-бабасын ұмытпай, құрмет тұтатын, үлкендерді сыйлайтын, гуманизм қағидаларын ұстанатын, жоғары моральды және әлеуметтік белсенді болатын жан-жақты дамыған және үйлесімді азаматтарды тәрбиелеу және қалыптастыру кепілі.

Отбасында махаббат, өзара түсіністік, сабырлылық, сыйластық орын алуы, отбасының әр мүшесі өз әлеуетін іске асырып, бақытты әрі табысты болуы маңызды. Дәл осындай азаматтар бақытты, гүлденген елді жасауға қабілетті.

Қазақстандағы отбасы күні – жақындары мен туғандарына көңіл бөлетін тамаша сәт. Балаларыңызбен саябақты аралаңыз, табиғат аясында демалыңыз, ата-аналарыңызбен әңгімелесіңіз, ата-әжелеріңізге қонаққа барып келіңіз, отбасыңызбен дастархан басына жиналыңыз. Мереке күн болсын, жұмыс күні болсын, отбасыңызды жақын тартатын сәттерді жіберіп алмаңыз. Жақындарыңызға махаббат пен сыйластықты тарту етіңіз!

Подробнее
12.09.2020
«Қазақ тілі білгірлерінің бәйгесі» байқауы

2020 жылғы 12 қыркүйек күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Б.Б. Илюбаева және А.Қ. Қабденова «Zoom» платформасы арқылы қашықтық форматында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі білгірлерінің бәйгесі» іс-шарасын өткізді.

Қазақстан халқы тілдері күні қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жыл сайын 5 қыркүйек күні аталып өтеді.

Іс-шараға I курс студенттері А. Максименко (Т-11 топ), В. Коваленко (ПМ-11 топ), С. Касымова (Б-11 топ), сондай-ақ III курс студенттері И. Воинков және Д. Дорожинский (Л-33 топ) қатысты.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрып, сайысқа қатысушылар қазақ тілінде өздері туралы әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру бойынша сынға түсті. Студенттер бар ықыласымен байқауға қатысып, қазақ тілінен өздерінің жақсы білімдерін көрсетті.

05.09.2020
Қазақстан халқының тілдері күні

5 қыркүйек қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, ақын әрі тәржімашы Ахмет Байтурсыновтың туған күніҚазақстан халқының тілдері күні аталып өтіледі.

Тілдер күні туған тілге, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тілдері, салт-дәстүрлерітуралы білімдерін кеңейте түсу мақсатында белгіленген. Ол біздің көп ұлтты мемлекетіміздің дамуы үшін маңызды шарт болып табылатынхалықтар арасындағы бірлік пен келісімді бейнелейді. Әр тілдің өз тарихы, басқа тілдердің тарихымен сабақтасып жатқан өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бірін-бірі тауып, басқа халықтың рухани мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсінуге үйренеді.

Әр тіл – тұтас бір әлем. Қазақстанда мемлекеттік тіл ұлттық бірліктің негізгі факторы әрі еліміздің халқын біріктіретін күшболып табылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы деп атап өткен болатын. Ол болса Қазақстан үшін бүгінгі таңда жаңғырту, бәсекеге қабілеттілікті және байланысқа бейімділіктіарттыруға жасалған сапалы қадам.

Өз тілдеріңді біліңдер, өзге тілді үйреніңдер, түрлі тілде сөйлеңдер!

04.09.2020
Өрт қауіпсіздігі ережелері

2020 ж. 04.09. Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І және ІІ курс топтары арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн-сынып сағаттары өткізілді.

Өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңайырақ. Бұл үйреншікті сөз ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.

Өрт кезіндегі әрекеттер:

1. Егер өрт анықталса немесе жану белгілері пайда болса (түтін, жану иісі, температураның көтерілуі және т.б.), өрт сөндіру қызметіне дереу «01» телефоны арқылы хабарлаңыз (хабарлаған кезде нысанның мекенжайын, өрт шыққан жерді, сондай-ақ өзіңіздің тегіңізді айту керек);

2. Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдарды эвакуациялау шараларын қабылдаңыз және өртті қолда бар құралдармен (өрт сөндіргіштер, су, құм және т.б.) сөндіре бастаңыз; материалдық құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етіңіз;

3. Қажет болған жағдайда электр қуатын өшіріңіз, ғимараттағы үй-жайларда өрт пен түтіннің өршуіне жол бермеу үшін жеке қондырғылар мен телімдердің жұмысын тоқтатыңыз.

Бұл жағдайда жол берілмейді:

1. Өрт сөндірушілерді шақырмай, өртпен өз күшіңізбен күресуге, тұтанған электр құрылғыларын электр желісінен ажыратпастан сумен сөндіруге (электр тоғымен зақымдануға болады);

2. Түтін шығару үшін терезелер мен есіктерді ашуға (ауа ағынына байланысты жану күшейеді);

3. Егер айтарлықтай үлкен аймақты жалын шарпыған болса, лифт пайдалануға (сіз кептеліп, тұншығып қалуыңыз мүмкін);

4. Түтінді дәліз немесе баспалдақ арқылы шығуға тырысуға (түтін улы, ыстық ауа өкпеңізді күйдіруі мүмкін);

5. Ақжайма мен арқандардың көмегімен су көздерінің, құбырлардың және тікқұбырлардың бойымен түсуге (әрдайым дерлік құлауға әкеледі);

6. Терезеден секіруге (үшінші қабаттан жоғары биіктіктен әрбір екінші секіру өлімге әкеледі).

Келесі ережелерді сақтаған жағдайда тұрғын үйдегі өрттің алдын алуға болады:

1. Тұрғын үй ғимаратында өрт шығу ықтималдығын қарапайым ереже көмегімен азайтуға болады, оны барлық отбасы мүшелеріне, балаларға да, ересектерге де үйрету керек - шығар алдында пәтерді тексеріңіз;

2. Ас үйді тексерген кезде газ немесе электр плитасы сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз. Темекі шегушілер болса, темекі тұқылдары сөнді ме екенін қараңыз. Терезелерді немесе желдеткіштерді жел жоғары қабаттардан темекі тұқылдарын үрлеп кіргізбеуі үшін жабыңыз;

3. Кішкентай балаларды пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, сіріңкелерді оларға қол жетімсіз жерлерге жасырыңыз;

4. Төсекте темекі шегуден аулақ болыңыз: дәл осы себептен өрт жиі болып, адамдар қайтыс болады;

5. Үй заттарын шатырларда сақтамаңыз және баспалдақ алаңдарына шығармаңыз.

Пәтерде өрт болған кезде сізге:

1. Өрт сөндіру қызметіне хабарлау керек;

2. Қарттар мен балаларды көшеге шығару керек;

3. Электравтоматты құрылғыларды өшіріңіз (баспалдақ алаңындағы қалқандарда орналасқан).

Өрт кезінде өзіңізді және өз мүлігіңізді алдын-ала сақтандырыңыз. Өртке байланысты кенеттен эвакуациялау бола қалса, барлық отбасы мүшелері білетін жерде құжаттар мен ақшаны сақтаңыз. Бүгіліп немесе өрмелеп жылжыңыз (төменде түтін аз), басыңыз бен денеңізді дымқыл шүберекпен жабыңыз. Егер баспалдақтар бойымен жүгіріп шығу мүмкін болмаса, балкон баспалдақтарын пайдаланыңыз; егер ол жоқ болса, балконға шығып, есікті соңыңыздан мықтап жауып, «Өрт!» деп айғайлаңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережелері онша күрделі емес. Оларды сақтау арқылы Сіз өзіңізді және үйіңізді өрттен қорғайсыз.

Подробнее
Страница 312 из 460