
2025 жылғы 16 қаңтарда И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері Таран Виктория Вячеславовна және Досщанова Сания Латиеновна Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттері үшін "Терроризм - қазіргі заман мәселесі" ақпараттық сағатын өткізді.
Іс-шара барысында қазіргі әлемдегі терроризм мәселесі туралы ақпарат берілді, төтенше және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар талқыланды, тақырыптық бейнематериал көрсетілді.

2025 жылғы 16 қаңтарда ӘПБ құқық бұзушылықтардың алдын алу тобының инспекторы полицияның аға лейтенанты Ж.С.Токтагулова және қатардағы полиция МПП полиция қызметкері Ж.С.Жанат Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттері үшін "Жастар ортасында нашақорлықтың алдын алу" атты дөңгелек үстел өткізді.
Ашық диалог барысында жастар арасында есірткі заттарын қолдану және тарату мәселелері, сондай-ақ ҚР Қылмыстық Кодексінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке байланысты мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында тақырыптық бейнематериал көрсетілді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 қаңтарда "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК-да Белое орта мектебінің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.

2025 жылдың 14 қаңтарында 1 курс студенттері үшін ӘПБ құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі топ инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.С.Токтагулованың шақыруымен тақырыптық лекторий ұйымдастырылды.
Ашық диалог барысында синтетикалық есірткіні қолдану және тарату мәселелері талқыланды; ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің баптары қаралды.

2025 жылғы 10 қаңтарда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі И.А.Сергеева болды.
Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Ирина Александровна сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, жүзеге асырылу салалары, сондай-ақ оның қоғам өмірінің барлық салаларында көрініс табу ерекшеліктері жайлы жан-жақты тоқталды.
Шустова Т.А. – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары