ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






25.04.2025
2025-04-25

2025 жылғы 24 және 25 сәуірде "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК жұмысшы мамандықтар жылы аясында "№ 42 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ, "Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп" КММ 9 сынып оқушыларына барды. Мақсаты: жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Кәсіптік бағдар беру кездесуі аясында біздің колледждің үгіт бригадасы қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы баяндама дайындады. Әрі қарай мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.

25.04.2025
Сұңқар

Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің асық атудан құрама командасын облыстық "Сұңқар" спартакиадасында 2 орын алуымен құттықтаймыз.

Команда құрамы:

Абдукадиров Нуржаубай (ПМ-31 тобы);

Калмыков Артем (с-11 тобы);

Жумагулов Адиль (ПО-22 тобы).

24.04.2025
Қалалық сенбілік

2025 жылғы 24 сәуірде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің еріктілері Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының бастамасымен қалалық сенбілікке қатысты. Өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер қалалық мәдениет және демалыс саябағын қоқыстан тазартты.

24.04.2025
Үздік слесарь кәсіби шеберлік байқауы

2025 жылғы 24 сәуірде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде бірінші курс топтары (СР-11, ЭМ-11, ТР-11, ТР-12) арасында "Үздік слесарь" кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. 8 студент қатысты. Конкурс бес кезеңде өткізілді:"Визит карточкасы" (конкурсқа қатысушылардың презентациясы), "Слесарлық іс" пәні бойынша тестілеу, "Сіз слесарлық құралды білесіз бе?", "Техникалық өлшемдер", "Практикалық тапсырма". Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды СР-11 тобының студенті Бауэнов Тагир, 2 орынды Гольский Егор (ТР -12 тобы), 3 орынды Краснов Виталий (ТР – 11 тобы) иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Р.М.Сердалинов- өндірістік оқыту шебері

22.04.2025
2025-04-22

2025 жылғы 21 және 22 сәуірде "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК-ны жұмысшы мамандықтар жылы аясында "№ 31 толық емес орта мектеп" КММ, "№ 32 орта мектеп " КММ 9 сынып оқушыларына барды. Кәсіптік бағдар беру кездесуі мен колледжге экскурсияның мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу болып табылады. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.

Страница 71 из 460