2026 жылғы 12 мамырда «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Өмір сабақтары: иллюзиясыз кездесу» атты профилактикалық кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында сотталған азаматтардың қатысуымен телекөпір ұйымдастырылды. Олар құқық бұзушылық жасауға не себеп болғанын ашық айтып, өмірлік оқиғаларымен бөлісті және бүгінгі таңда шын жүректен өкінетін жайттарын жеткізді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шынайы жауаптар алды. Осындай форматтағы кездесу қатысушыларға ойланбай жасалған әрекеттердің салдары, бостандықтың қадірі мен өз шешімдері үшін жауапкершіліктің маңызы туралы тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
2026 жылғы 8 мамырда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Ұлы Отан соғысына және Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесіне арналған «Майдан портреті. Жауынгер тағдыры» атты бірыңғай ерлік сабағы өтті. Іс-шара барысында студенттер соғыс жылдарындағы қайғылы оқиғаларды, Отанды қорғауға аттанған адамдардың ерлігі мен жанқиярлығын еске алды. Қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы ерлігіне ерекше назар аударылып, Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың және Талғат Бигелдиновтың қаһармандық істері айтылды.
Қатысушылар Қазақстан халқының Жеңіске қосқан үлесін, соғыс жылдарындағы бірлік пен патриотизмнің маңызын, сондай-ақ тарихи жадыны сақтаудың, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне құрмет көрсетудің мәнін талқылады. Ерлік сабағы патриотизм мен ел тарихына деген құрмет рухында өтіп, студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және халықтың қаһармандық өткеніне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.
2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының базасында Солтүстік Қазақстан облысының әскери-патриоттық клубтары ұйымдары арасында «Жас Айбын 2026» әскери-спорттық слеті өтті
Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің құрама командасын жүлделі 3-орын алуымен құттықтаймыз!
Команданы таныстырғандар: Мерц Кирилл, В-11 тобы; Бубняк Дмитрий, Д-21 тобы; Савченко Сергей, ТР-12 тобы; Ворона Алексей, ТР-12 тобы; Кутузова Милана, ПО-21 тобы; Кашникова Диана, Д-11 тобы; Понамарева Дарья, Д-11 тобы; Петренко Екатерина, Д-11 тобы.
2026 жылғы 6 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері 314-атқыштар дивизиясының ескерткішін абаттандыруға бағытталған «Естелікті бірге сақтайық» патриоттық акциясына қатысты. Іс-шара жастар арасында тарихқа құрметпен қарауды қалыптастыруға, тарихи жадыны сақтауға және патриоттық тәрбие беруге ықпал етті.
Акция барысында қатысушылар аумақты тазалап, ескерткіш маңын ретке келтіріп, батырлардың рухына тағзым етті.
«Ерлік мәңгі жасайды» атты еске алу сабағы 2026 жылғы 6 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында «Оқу колледжі» тұжырымдамасы аясында «Мұра» әдеби клубының отырысы өтті. Іс-шара «Ерлік мәңгі жасайды» атты еске алу сабағы форматында ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналды.
Кеңес жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі – бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өлшеусіз, мәңгілік өнеге. Жылдар өтсе де, ұрпақтар ауысса да, Ұлы Жеңіс – халқымыздың мақтанышының, әскери даңқы мен ерлігінің символы ретінде ел тарихының қаһармандық шежіресінде мәңгі сақталады. Іс-шара барысында слайдтық презентация көрсетіліп, «ҰОС шежіресі», «314-атқыштар дивизиясы», «Есімізде. Мақтанамыз» атты бейнефильмдер ұсынылды. Студенттер «Жалындаған жылдар жады» атты викторинада Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін тексерді. Сонымен қатар «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында», «Байланысшы», «Соғыс туралы кітаптарды парақтай отырып…» әдеби байқауы, «Тарих беттерінен» атты сайыстарда өз білімдері мен командалық бірліктерін көрсетті. Оқу залында «Естелік парақтары» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.