

2025 жылғы 9 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Отбасы – адамзаттың бесігі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасын іргелі құндылық ретінде түсіну, тұлғаны қалыптастырудың негізі және ұрпақтар арасындағы байланыстың маңызын көрсету болды.
Студенттер «отбасы» ұғымының өздері үшін нені білдіретіні туралы ой бөлісіп, белсенді түрде пікірталасқа қатысты. Интерактивті әңгіме барысында әртүрлі жауаптар айтылды: қолдау, махаббат, шаңырақ, жақын адамдар.
Ерекше қызығушылық тудырған бөлім – топтық жұмыс болды. Онда қатысушылар отбасының адамзат үшін қандай рөл атқаратынын және әрбір адамның өз отбасы үшін не істей алатынын талқылады. Студенттердің қорытындысы бойынша, бұл өзара байланысты процесс: отбасы адамды тәрбиелейді, ал адам өз кезегінде отбасын жалғастырып, нығайтады.
Кездесудің маңызды бөлігі – отбасы дәстүрлері мен құндылықтары жайлы әңгіме болды. Студенттер өз өмірлерінен мысал келтіріп, отбасында сақталған дәстүрлер туралы әңгімеледі және кез келген отбасы үшін маңызды жалпыадамзаттық құндылықтарды атады: құрмет, сенім, өзара көмек пен махаббат.
Іс-шара соңында әрбір студент рефлексиялық сауалнама толтырып, жеке қорытындыларын бекітті, өз отбасының құндылықтарын айқындап, болашақ жайлы ойланды.
Өткізілген кураторлық сағат отбасы байланысының маңызын еске салумен қатар, студенттерді отбасылық дәстүрлерді сақтау мен жалғастырудағы өз рөлдері туралы ойлануға жетеледі.

2025 жылғы 9 қыркүйекте 1 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша әңгіме өткізілді.
Елдің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың табысты қырларының бірі – техникалық жетістіктерді пайдалану. Жаңа ақпараттық технологиялар білімді сапалы алуға мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жеңілдетеді, азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Энергетикалық мәселені болашақта шешудің бір мысалы ретінде Алматы облысының Үлкен ауылында атом электр станциясының салынуы, сондай-ақ Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салу жоспарлары атап өтілді. Талқылау барысында болашақ энергетиктер Қазақстандағы жел және күн электр станцияларының ұйымдастырылуы мен жұмысына қатысты оң мысалдар келтірді: Ақмола облысындағы «Нұра» КЭС, Ақтөбе және Қостанайдағы ЖЭС.
Студенттер колледждегі «Sanaly urpaq» құқықтық клубының қызметі туралы ақпарат алды, клуб мүшелігіне жазылды және оқу үдерісінде құқықтық сананы, әділеттілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін өз тақырыптарын ұсынды.
Тарих және құқық пәнінің оқытушысы Сергеева И.А.



2025 жылғы 8 қыркүйегінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан халықтарының Тілдері күнін мерекелеу аясында жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК оқытушылары "Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің негізі ретінде қызмет етеді, мемлекеттің өзіндік ерекшелігін бейнелейді және ұлттық қадір-қасиетті нығайтады. Оның басты мақсаты — қоғамның саяси, мәдени және әлеуметтік салалардағы интеграциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кепілдік беру. Капасова М.И. мен Оспанова А. С. қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасу тарихы, қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың тілді дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ ұлтты нығайту мен біріктіру үшін мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы баяндамалар жасады. Жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК оқытушылары В-21, ЭМ-21 топтарының студенттерімен мемлекеттік тілді дамытуға байланысты мәселелерді талқылады.

Жаңа саяси маусымға ел жаңа бастамалармен қадам басуда. Оларды Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен жария етті.
Президент өз Жолдауында елдің болашағына арналған жоспарлар мен мақсаттарды айқындады. «Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі, Еуразия құрлығының дәл жүрегінде орналасқан мемлекет. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, біз жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріне батыл қадам жасадық», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Өз Жолдауында Президент ерекше назарды білім беру саласына аударды. «Әрине, елге жоғары білікті, жақсы дайындалған жұмысшы мамандар қажет. Мемлекет адамдардың өндіріс саласына баруға, нақты экономика секторында жұмыс істеуге ұмтылуы үшін жағдай жасауы тиіс. Негізгі міндеттердің бірі – жұмысшы мамандардың беделін арттыру, олардың еңбегіне лайықты ақы төлеуді қамтамасыз ету», – деді ол.
Сондай-ақ Президент қоғамды жаңғырту бойынша әлі де атқарылар ауқымды жұмыстар бар екенін атап өтті. «Қоғамды жаңғырту жолында әлі де орасан жұмыс күтіп тұр. Елде кешенді экономикалық реформалар жүзеге асуда. Инфрақұрылым құрылысына, жаңа өндірістерді ашуға қомақты инвестициялар салынуда. Әрине, бұл қадамдардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің әлеуетін күшейтуге бағытталғаны анық», – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.


2025 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11.00-де Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Ұлы Абай тұралы қызықты 10 дерек"тақырыбында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Бұл диктант қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы А. Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту. Бұл іс-шара қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарының көрінісі және мемлекеттік тілін дәріптеу ретінде қарастырылады.
Диктатты колледж оқытушылары және Д-11топ студенттері жазды. Диктант жазуға қатысқан оқытушылар мен студенттерге сертиыикаттар берілді.
Диктант жазуға колледж оқытушылары, шеберлері, зертханашылары мен Д-11 тобының студенттері қатысты. Әр қатысушыға сертификат берілді.