

2025 жылдың 9 қазанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Мұра» әдеби клубының «Бір дәуірдің екі дауысы» атты әдеби жәрмеңке түріндегі отырысы өтті. Акцияның мақсаты – қазақстандық әдебиетті насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерделеуге ықпал ету, жас ұрпақтың зияткерлік және рухани өсуін қолдау, ана тіліне деген құрмет пен құндылықты нығайту. Іс-шара барысында «Шығармашылық жолы: Такен Әлемқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов» атты слайдтық презентация мен бейнефильм көрсетілді. Студенттер «Менің Қазақстаным», «Ана тілі туралы сөз» атты өлеңдерді оқып, «Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары» атты викторинаға белсенді қатысты. Акцияға қосылыңыздар және уақыт өте өзектілігін жоғалтпай, жүрек тілімен оқырманға сыр шертетін бір дәуірдің екі дауысын – екі ұлы тұлғаның үнін қайта ашыңыздар.


«Өзіңе қамқор болу – болашаққа қамқор болу» тақырыбындағы және «Өзіңді түсіну – мықты болу» ұранымен өтетін Психикалық денсаулық онкүндігі аясында 2025 жылдың 8 қазан күні Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Қозғалыс энергиясы» атты спорттық сағат өткізілді. Бұл іс-шара денеге қамқорлық жасау – жанға қамқорлықтың ажырамас бөлігі екенінің жарқын дәлелі болды. Студенттер дене шынықтыру жаттығуларын орындап, физикалық сергектікті сақтау, денсаулықты нығайту және өмірлік қуатты арттыруға бағытталған белсенді әрекеттер жасады. Өйткені дәл қозғалыс, белсенді өмір салты мен дене шынықтыру арқылы біз тек денемізді ғана емес, психикалық саулығымызды да нығайтамыз, күйзеліспен күресуді үйренеміз және күнделікті өмірде үйлесімділікті сақтаймыз.

Психикалық денсаулық онкүндігі аясында 2025 жылдың 8 қазан күні Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Мен күйзеліспен күресуді білемін» атты психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің өз эмоционалдық күйін түсіну, күйзелістің табиғатын ұғыну және өз эмоцияларын тиімді басқара білу қабілетін дамыту болды. Тренинг барысында қатысушылар мимика мен қимыл арқылы өз көңіл-күйін білдіріп, пайдалы және зиянды күйзелістің айырмашылықтарын талқылады, сондай-ақ қиын жағдайларда ширығуды жеңудің жеке тәсілдері мен ресурстарымен бөлісті. Сенім мен ашықтыққа толы атмосфера әр қатысушыға күйзелісті өмірдің табиғи бөлігі ретінде қабылдап, онымен саналы түрде және өзіне зиян келтірмей күресуге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға, өзін-өзі қолдау дағдыларын қалыптастыруға және ішкі сенімділікті нығайтуға ықпал етеді. Өйткені өзін тану — ішкі күш пен үйлесімге бастайтын алғашқы қадам.
Беспятова Е.А. – педагог-психолог

2025 жылдың 7 қазанында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында студенттер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әңгіме өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдерге қатыгездік пен зорлық-зомбылық ұғымдарын түсіндіру, оны болдырмау жолдарын көрсету; зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заңдармен таныстыру; құрдастар арасындағы қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа теріс көзқарас қалыптастыру, адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу. Іс-шара барысында жасөспірімдер зорлық-зомбылық түрлерін талқылады, тәуекел факторларын анықтады, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қауіпті жағдайларда өзін ұстау ережелерін ұсынды, сондай-ақ өздеріне қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмін еске түсірді.


2025 жылғы 3 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Болашаққа рельстер» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Бірінші курс студенттерінің ата-аналары мен №32 мектептің оқушылары теміржол саласындағы мамандықтармен танысты. Колледж директоры А.П.Фурманюк құттықтау сөз сөйледі. Оқытушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, онда қонақтар маман рөлінде өздерін сынап көріп, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Кездесуге теміржол саласының өкілдері қатысты:Чижаковский Андрей Сергеевич – Оңтүстік-Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінің жетекші инженері;Сафонов Александр Иванович – оқыту бойынша нұсқаушы-машинист;Чорий Виталий Анатольевич – локомотивтерді қарау және жөндеу слесары;Иванов Константин Евгеньевич – тепловоз машинисінің көмекшісі.Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.