Петропавл темір жол көлегі колледжінде 14.03.2013 – 20.03.2013 аралығында Наурыз мерекесіне қарсы жалпы гуманитарлық пәндердің апталығы өткізілді. Алдын ала құрылған жоспар бойынша сайыстар, тәрбие сағаттары, сазды кеш, конкурстар өткізілді.
14.03.2013 Колледж спортзалында «Қазақша күрес» және «Арқан тарту» спорт бәсекелері өткізілсе, қазақ тілі кабинетінде қазақтың ұлттық ойындары «Тоғыз құмалақ», «Асық ойнау» ойналды.
15.03.2013 «Жігіт сұлтаны» сайысы “сегіз қырлы, бір сырлы” жігітті анықтады. Оқушылар қазақтың мақал-мәтелдерін, қазақтың хандарын, батырларын, билерін атады. Дартс пен армреслингте бәсекелесті, қазақтың «Қара жорғасын» билеп, кір көтерді. «Жігіт сұлтаны» 1 курс оқушысы Куралов Бексултан болды.
18.03.2013 «Қазақтың салт-дәстүрлері» тәрбие сағаты оқытушы Ж. С. Мусина жетекшілігімен өткізілді. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырып «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді.
19.03.2013 Колледж акті залында «Наурыз думан, Наурыз той» мерекелік сазды кеш өтті (ұйымдастырушылар: А. Б. Сулейменова, Д. Ж. Ақышова). Акті залы безендіріліп, оқушылар бірнеше тілде әндер шырқады, қазіргі билер және басқа халықтардың билері орындалды.
20.03.2013 «Біз Наурыз тойы туралы не білеміз?» атты тәрбие сағаты өтті (оқытушы Р. С. Жамулдинова).
1, 2 курс оқушылары Наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін байқауына қатысты.
I орын – Э-11 топ;
II орын – Л-11 топ;
III орын – Д-23, Л-22 топтары.
15.03.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын түлектеріне диплом беру рәсімі өтті.
Салтанатты іс−шара бөлімше меңгерушісі Р.А.Задорожнаяның және директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Ш.Галимулиннің құттықтау сөзімен ашылды.
Әкімшілік пен оқытушылар құрамына алғыс білдіріп, колледж түлектері мен олардың ата-аналары сөз сөйледі.
Сәтті сапар, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдарыңда алған бар білімің мен іскерлігің сенің еңбек жолыңда сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді.Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы мектептер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары оқушыларының арасындағы Мағжан Жұмабевтың шығармашылық мұрасына арналған сайттар құру бойынша ақын, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың 120-жылдығына арналған Халықаралық Web-олимпиадаға қатысты.
Олимпиадалық тапсырманың негізгі мазмұны – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу жұмысын өткізу және жиналған материалдың негізінде Web-сайттар әзірлеу, құру және оларды Интернет желісіне орналастыру.
ПТКК командасы тапсырмаларды табысты орындап, ІІ орынды иеленді. Сайт үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) құрылды. Сайттың мекенжайы: zhumabayev.idhost.kz.
Жобаның жетекшілері арнайы пәндердің оқытушысы С.А.Павлович, қазақ тілі оқытушылары Ж.С.Мусина, Д.Ж.Ақышова, ағылшын тілінің оқытушысы А.А.Сайдалина болып табылады.
2013 жылғы 14 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында В-23 топтың (сынып жетекшісі Ж.А.Жағыпарова) және В-12 топтың (сынып жетекшісі С.Е.Красиков) қатысуымен әйел− ана, әйел – отбасының ұйытқысы, әйел – еңбекшіге арналған «Аз да болса, үлкен жүрекпен жасау (Ұлы әйелдер)» сазды-поэзия сағаты өткізілді. Қайырымдылық ісінің дамуына зор үлес қосқан ұлы әйелдердің қасиетіне де таң қалдырып, таңдай қақтырды. Ежелгі грек философы Платон олардың өзге қамы үшін тырысып жүріп, өз бақытын тапқандықтарын айтқан болатын.
Іс−шараның барысында танымал ақындардың өлеңдері оқылды, ұлы адамдардың әйелдер туралы айтқан сөздері айтылды, әйелдің сұлулығы мен жан жылуын паш еткен слайдтар көрсетілді.
2013 ж. 5 наурыз күні колледждің акт залында бітіруші топ оқушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Құрманкина Назира Сапарқызымен кездесуі өтті.
Кездесуде техникалық және кәсіптік білімді дамыту, оқу орындары түлектерінің кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және оларға біліктілік беру мәселелері, Біліктілік емтиханын өткізу рәсімі талқыланды.