ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






16.02.2016
«Болат магистраль тынысы» атты сынып сағаты

2016 жылғы 10 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова «Болат магистраль тынысы» атты тақырыптық сынып сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Д-11 (сынып жетекшісі Е. Ф. Баймышева), Э-12 (сынып жетекшісі В. А. Иванов) топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алғашқы темір жолдардың пайда болуы және дамуы жайлы қызықты да түсінікті етіп баяндап берді, орыс ғалымдарының шығармашылығымен, олардың темір жол көлігінің түрлі салаларындағы жаңалықтарымен таныстырды. Сондай-ақ түрлі мамандық иелері темір жолда еңбек ететінін, мамандықтардың барлығы маңызды, өзінше бірегей және келешегі зор екендігін атап өтті.

Интербелсенді тақтада слайдтар көрсетіліп, «Теміржолшы мамандығының мәртебесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, «Черепанов паравозы», «Темір жол мамандықтары: «Диспетчер», «Машинист көмекшісі», «Тексеруші» бейнефильмдері қатысушылардың назарына ұсынылды.

Подробнее
16.02.2016
«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали» атты мәнерлеп оқушылар байқауы

2016 жылғы 10 ақпан күні Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали» атты мәнерлеп оқушылар байқауы өтті.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің атынан байқауға студент Г. Д. Есбатырова (Э-33 топ), О. Б. Зияханов (Э-33 топ), С. И. Рақым (Л-33 топ) қатысты.

Байқау қорытындылары бойынша Г. Д. Есбатырова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, О. Б. Зияханов пен С. И. Рақымға қатысқаны үшін дипломдар берілді.

12.02.2016
«Тәуелсіздік жаңғырығы» атты мұражай сабағы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Петропавл темір жол көлігі колледжінің I курс студенттері өнер мұражайында өткен «Тәуелсіздік жаңғырығы» атты мұражай сабағына және тақырыптық қойылымға қатысты.

12.02.2016
Петропавл ст. локомотив депосының мұражайы

2016 жылғы 05 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Петропавл ст. локомотив депосының мұражайына барды.

10 мыңнан астам жәдігер: тұңғыш машинистердің өмірбаяндары мен суреттері, өткен жылдардан қалған бөлшектер мен жабдықтар балалардың назарына ұсынылды. Мұражай үшін XIX ғасырдың соңындағы мұрағат құжаты – темір жол төсемі құрылысы басшысының жеделхаты аса құнды. Онда пойыздар қозғалысының басталуы туралы айтылған. Тұңғыш пойыз Петропавл станциясының перронынан осыдан 120 жыл бұрын жөнелтілген болатын.

11.02.2016
«Кәсіптік және техникалық білім деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің ерекшеліктері және жасөспірімдер мен жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел

2016 жылғы 11 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Кәсіптік және техникалық білім деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің ерекшеліктері және жасөспірімдер мен жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас мамандары Р. С. Байжанов және С. О. Айдарбеков; Білім басқармасының маманы Б. Ж. Зейнуллин; Петропавл қ. колледждері директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға қатысты мәселелер, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық–құқықтық шаралар қарастырылды; «Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес» арнайы курсының бағдарламасы ұсынылды.

Страница 426 из 460