


2025 жылғы 17 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Халықаралық студенттер күніне арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты КВН ойыны өтті. Бұл шара әр тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін мен дарындылығын дамытуға мүмкіндік береді. Ойынға 9 команда қатысты. Қатысушылар үш сайысқа дайындалуы тиіс болды: сәлемдесу «Колледж деген не», биатлон, үй тапсырмасы – «Болашаққа көзқарас» атты бейнеролик. Командаларды студенттік парламенттің белсенділері мен колледж оқытушылары бағалады. Ойын қорытындысы бойынша КВН-нің 1-орнын Д-11 тобының «Феи Винкс» командасы, 2-орынды Л-11 тобының «Веселые локомотивщики» командасы, 3-орынды В-11 тобының «Без тормозов» командасы иеленді. Жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Барлық командаларға КВН-ге белсенді дайындықтары үшін алғыс білдіреміз және алдағы шығармашылық табыстар тілейміз.
Чубарова Е.Н. – педагог-ұйымдастырушы



2025 жылғы 14 қарашада Байкен Әшіов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Құқықтық мемлекеттегі төзімділік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерге төзімділік принциптерін, адам құқықтарын құрметтеуді және құқықтық мемлекеттің дамуында төзімді мінез-құлықтың рөлін түсіндіру.
Төзімділік термині – бұл шыдамдылық, адамдармен қарым-қатынас орнату және оны сақтау қабілеті мен талпынысы ретінде түсіндіріледі.
Іс-шара студенттер арасында мәдени қарым-қатынас қалыптастыруға, әртүрлілікті құрметтеуге және азаматтық ұстанымды нығайтуға ықпал етті. Студенттер төзімділіктің демократиялық және құқықтық қоғамның өмір сүруі үшін қажетті шарт екенін түсінді.

2025 жылдың 13 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Sanaly urpaq» құқықтық клубтар слётына қатысты. Іс-шара лқушылар сарайының сахнасында өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының Жастар Альянсы ұйымдастырды. Мақсаты: жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың барлық түріне «Нөлдік төзім» қағидатын орнықтыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне тарту, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту. Қазіргі қоғам стандарттары жан-жақты дамыған, белсенді азаматтық позициясы бар, өз іс-әрекетіне жоғары жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, кең дүниетанымды, әділдік пен қазақстандық патриотизмді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Адалдық жүйесін қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін жаңа көзқарастағы және өмірлік қағидалары бар жас буынды тәрбиелеудің маңызы зор. Слётке біздің колледждің студенттері белсенді қатысты: Лобок Кирилл (Д-11), Казаков Роман (Э-21), Головкин Максим (Э-21).
Сергеева И.А. – тарих және құқық пәнінің оқытушысы
2025 жылғы 10–13 қараша аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ ұйымдары студенттері арасындағы әскери-қолданбалы пәндер бойынша облыстық онлайн спартакиадаға қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Бұл іс-шара жастар арасында патриотизмді дамытуға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыруға бағытталды
ПМЖКК командасы жүлделі екінші орынға ие болды.
Команда құрамында: Зелинский Андрей, Д-11 тобы Бубняк Дмитрий, Д-21 тобы Пытьев Роман, Л-32 тобы Мерц Кирилл, В-11 тобы Терещенко Егор, Л-21 тобы Кашникова Диана, Д-11 тобы Швецова Юлия, Б-21 тобы Кутузова Милана, ПО-21 тобы Ралло Ангелина, ПО-21 тобы
Бұл жеңіс — қажырлы дайындық пен бірлескен командалық еңбектің нәтижесі. Мұндай жарыстарға қатысу студенттердің жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және командадағы ұйымшылдықты нығайтуға ықпал етеді.



2025 жылғы 13 қараша күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттерінің старостат отырысы ұйымдастырылды.
Іс-шара оқу семинары форматында өтті. Спикерлер ретінде әлеуметтік педагог П.А.Дылдина мен педагог-психолог Е.А.Беспятова сөз сөйледі.
Семинар барысында колледждің ішкі тәртіп ережелері, топтардағы әдеп нормалары, сондай-ақ РҚ Әкімшілік және Қылмыстық кодекстері талқыланды. Бұл ақпаратты топтар арасында «тең – теңімен» қағидаты бойынша тарату мақсат етілді.
Подоляник А.А. – Жастар ісі жөніндегі инспектор