ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






06.12.2016
«Қазіргі Қазақстанның колледжі: ғылым, білім және кәсіпқойлық» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2016 жылғы 06 желтоқсан күні Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында колледж оқытушылары мен студенттерінің арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазіргі Қазақстанның колледжі: ғылым, білім және кәсіпқойлық» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: облыстың кәсіптік-техникалық білім беру орындарында еңбек ететін педагог қызметкерлердің тәжірибесін танымал ету және насихаттау, ұстаздар мен студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері мен оқытушылары конференцияға белсенді қатысты:

№1 секция «Педагогикалық шеберліктің қоймасы» - Р. А. Задорожная;

№2 секция «Мен өз ісімнің шеберімін» - А. Топольский, жетекшісі С. В. Мироняк (І дәрежелі диплом);

№3 секция «Менің колледжім» таныстырымдар байқауы – В. Дускен, Р. Райцинов, жетекшісі: А. З. Құсайынова, О. А. Мухамедшина (І дәрежелі диплом);

№4 секция «Ғылыммен, шығармашылықпен - кәсіпке» - В. Бурмакова, жетекшісі П. Г. Вирко (ІІІ дәрежелі диплом).

05.12.2016
«Менің елім, менің Қазақстаным» кітапхана сабағы

05 декабря 2016 года в библиотеке Петропавловского колледжа железнодорожного транспорта библиотекарем Нуртазиной Б. Ж. был проведен библиотечный урок «Менің елім, менің Қазақстаным», посвященный празднованию 25-летия Независимости Республики Казахстан.

В проведении мероприятия приняли участие студенты групп Д-11 (классный руководитель Клышпекова Л. А.) и Т-11 (классный руководитель Сергеева И. А.).

2016 жылғы 05 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында Б. Ж. Нұртазина Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Менің елім, менің Қазақстаным» кітапхана сабағын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Д-11 (сынып жетекшісі Л. А. Клышпекова) және Т-11 (сынып жетекшісі И. А. Сергеева) топ студенттері қатысты.

*sp*

Студенттер Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған ұлт жоспарының басым бағыттарының бірі болып табылатын Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясымен танысты. Жоба мемлекеттік индустриялау саясаты және «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру қажеттіліктеріне жауап беретін жұмысшы және кәсіптік-техникалық кадрлардың қоғамдағы мәртебесі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы мазмұны мен мағынасы жағынан ұлттық тренд болып табылады. Ол әр қазақстандықтың ісіне басшылық етіп, бағыт сілтейді. Бұл құжат біздің студенттерімізге тікелей қатысты және аталған жобаны іске асыруда болашақ техникалық мамандар ретінде оларды қызықтырады.

Іс-шара барысында слайдтар көрсетіліп, қазақ, орыс тілдерінде өлеңдер оқылды, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» бейнефильмдері, «Менің қалам», «Жаса, Қазақстан» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді. Оқу залында «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
02.12.2016
«Біз барлығымыз – бір отбасы, бір халықпыз» сынып сағаты

2016 жылғы 02 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Біз барлығымыз – бір отбасы, бір халықпыз» біріңғай сынып сағаты өтті.

29.11.2016
Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі

2016 жылғы 29 қараша күні І курс студенттерінің арасында Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесін талқылау ұйымдастырылды.

БАҚ материалдары, «Н. Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде баяндалған бастамалары» бейнеролигі қолданылды.

26.11.2016
Астанаға саяхат

2016 жылғы 26 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Астана қаласында болып қайтты.

Астана – жас елорда, тарихы бай қала.

Қазақстан Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағын алды.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құрғаннан және елорда мәртебесін алғаннан кейін Астана Қазақстандағы үлкендігі бойынша екінші қалаға айналды. Халқының саны 1996 ж. 270 адам болса, 2016 ж. 1000 адамға дейін өсті, ал қаланың аумағы 700 шаршы км-ден астам ауданға дейін кеңейді.

Астанада ЕурАзЭҚ-ның бірқатар үйлестіру органдарын орналастыру ескерілген. Қалада түрлі ірі іс-шаралар, оның ішінде спорттық іс-шаралар өтіп тұрады. 2011 жылы Астана 7 қысқы Азия ойындарын қабылдады. 2017 ж. қала Expo–2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін қабылдайды.

Страница 410 из 460