ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






20.05.2017
«Ұлан-2017»

19 мамырдан бастап 20 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институтының базасында Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің арасында «Ұлан» облыстық әскери-спорттық спартакиадасы өтті.

Жарыстың бірінші күні командалар сапқа тұру дайындығы, азаматтық қорғаныс, атыс дайындығы және кедергі жолағынан өту бойынша бақ сынасты. Соңғы күні атыс және көпсайыс бойынша жарыстар өтті.

Екі күндік спартакиада қорытындылары бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы келесі нәтижелерді көрсетті:

– атыс дайындығы – I орын;

– бірыңғай кедергі жолағынан өту – I орын;

– азаматтық қорғаныс – II орын;

– сапқа тұру дайындығы – III орын.

20.05.2017
«Таза орман» экологиялық байқауы

2017 жылғы 20 мамыр күні «Жас Отан» Жастар Қанаты Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен «Таза орман» экологиялық байқауы өткізілді. Байқау барысында орманды қоқыстан тазалау жүргізілді.

Байқаудың қортындылары бойынша Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы бірінші орынды иеленді.

18.05.2017
«Жасыл планета – 2017» облыстық экологиялық слеті

2017 жылғы 18 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің «Жас әлем» клубы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында өткізілген «Жасыл планета – 2017» облыстық экологиялық селтіне қатысты.

Балалар слеттің барлық кезеңдерінде белсенді жұмыс істеді: экоклубтың «визит карточкасын», клуб жұмысы туралы есеп ұсынып, түрлі байқаулар өткізген кезде өдерін жақсы көрсете білді.

Слеттің міндеттері – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, табиғат қорларына ұқыпты қарауды насихаттау және табиғи биотүрлерді сақтау.

17.05.2017
«Адал бол – адалдық пен әділдік акциясы» дөңгелек үстелі

2017 жылғы 17 мамыр күні Петропавл теміржол көлігі колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жесқорлықпен байланысты құқық бұзушылық фактілеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру аясында «Адал бол – адалдық пен әділдік акциясы» дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Сатанов Амангелді Есмағзиұлы ықылас білдірді.

Сыбайлас жемқорлық мәселелері мен онымен күрестегі алдын алу іс-шараларын талқылауға оқытушы И. А. Сергеева, С. Н. Гринькив, студент М. Какунов, Р. Куанышев, М. Байкенова, В. Зайнутдинов және басқалар қатысты.

Іс-шараның соңында студенттер «Адал бол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу эстафетасын Ж. Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжіне тапсырды.

15.05.2017
Балаларды қорғау күні

Петропавл теміржол көлігі колледжінде Балаларды қорғау күніне белсенді дайындық өтіп жатыр. Колледждің І және ІІ курс студенттері үрлемелі аспаптар шеруіне қатысады.

Страница 400 из 460