ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






30.11.2017
«Менің елім – менің Президентім» ұлттық тарих сағаты

2017 жылғы 30 қараша күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні аясында «Менің елім – менің Президентім» ұлттық тарих сағаты өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Т. А. Таран ұйымдастырды.

Іс-шараны өткізуге СТС-11 және ЭРУ-11 топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні – бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа халықтың зор сенімін және бірлігін бейнелейтін ерекше мереке деп, бағалады. Елбасымыздың ержүректілігі, стратегиялық дарыны қойған мақсаттарына жету үшін қайсарлығы мен батылдығы Қазақстанның тәуелсіз ел болуына тірегі болды. Еліміздің табыстарын бүгінгі күні дүниежүзілік қауымдастық мойындады.

Әрқашан жас мемлекетті құруға дайын, беделді адам болып, өз елінің патриоттық сезімін білдіру қазігі жастардың басты міндеті болып табылады.

Іс-шараның барысында студенттер тәуелсіз мемлекеттің жылдам қалыптасуының феноменін ашатын кітаптармен және тарихи маңызы бар оқиғалармен, Қазақстанның тұңғыш президенті туралы әлемдік деңгейдегі саясатшылардың пікірлерімен және еңбектерімен танысты. Мемлекеттің Елбасына арналған өлеңдер қазақ, орыс және ағылшын тілінде шырқалды.

Студенттерге интербелсенді тақтада Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы слайдтар, «Н. А. Назарбаев – человек–эпоха» атты бейнефильм және Н.Ә. Назарбаевтың өлеңіне жазылған «Город мой» атты бейнефильм көрсетілді. Кітапхана залында «Н. Ә. Назарбаев – тәуелсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық символы» атты кітаптар көрмесі әзірленді.

Подробнее
24.11.2017
«Қазақ халқының дарынды ұлы» атты әдеби кеш

2017 жылғы 24 қараша күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзіге асыру аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ халқының дарынды ұлы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Б. Ж. Нуртазина ұйымдастырды.

Іс-шараны өткізуге ПО-11 және ОВ-11 топ студенттері қатысты.

Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» - деп, жазылған. Бұл рухани мәдениетке казак жазушысы Ғабиден Мұстафиннің еңбектері де жатқызуға болады. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Қазақ әдебиетінің алтын қорына кірген ол қазақ халқының ұлттық игілігі, рухани байлығының бір бөлігі болып табылады.

Студенттерге интербелсенді тақтада слайдтар, «Ғ. Мұстафин» және « Ғабиден Мұстафин атындағы мұражай» атты бейнефильмдер көрсетілді. Кітапхана залында «Заман жаршысы» атты кітаптар көрмесі әзірленді.

Подробнее
22.11.2017
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Абылай хан мұражай-резиденциясына барып қайтты.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі үшін, әлемді тек бай жерімен ғана емес, сонымен бірге рухани байлығымен, мәдени мұрасымен де таңғалдыру керек. Бұл ой Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қызыл жіппен тіккендей болып өтеді.

Елбасымыз қоғамның алдында тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын міндет қояды. Ол ең алдымен ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтау, туған жердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен қарау болып табылады.

20.11.2017
АИТВ инфекциясына және ЖИТС-ке қарсы күрес бойынша «Денсаулыққа құқық» атты айлық

«Денсаулыққа құқық» ұранымен өтетін АИТВ инфекциясына және ЖИТС-ке қарсы күрес бойынша айлығы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің І курс студенттері тарихи-өлкетану мұражайындағы тақырыптық танымдық сағатқа барып қайтты.

Айлық республика халқының, оның ішінде жастарды АИТВ инфекциясының пайда болуы мен алдын алу, дер кезінде ауруды анықтау мен медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілік, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру туралы ақпараттылық деңгейін арттыру.

18.11.2017
«Біздің түлектеріміз – энергетика саласының қазіргі кадрлық әлеуеті» атты дөңгелек үстел

2017 жылғы 18 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығының ІІІ курс студенттері осы мамандықтың үздік түлектерімен кездесті.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырып, өткізгендер: энергетика саласындағы мамандарды даярлау үшін көп жыл бойы терін төккен М.В. Торлопова («Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығының арнайы пәндердің оқытушысы) және Р. А. Задорожная (бөлімше меңгерушісі).

Кездесудің мақсаты: студенттердің оң қылықтарын ұйымдастыру (тәжірибе алмастыру, отансүйгіштікке баулу, өзіне сенушілік, кәсіпқойлық сәтті қалыптастыру үшін оқу және өздігінен жұмыс жасаудың қажеттілігін түсіну).

Дөңгелек үстел отырысына келесі түлектер шақырылды:

Мороз Зинаида (2012 жылғы түлегі) – «НЕФ» ЖШС жылугазбен жабдықтау және желдету жөніндегі жетекші маман;

Белая Наталья (2012 жылғы түлегі) – «СевКазЭнергосбыт» ЖШС жылу энергиясы есептеу бойынша маман;

Кузнецова Елена (2013 жылғы түлегі) – «ПТЭЦ-2» ЖШС, «СевКазЭнерго» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша инженер;

Перемыкин Дмитрий (2013 жылғы түлегі) – «ПТЭЦ-2» ЖШС, «СевКазЭнерго» АҚ қазандық жабдықты жөндеу бойынша инженер;

Фраш Михаил (2014 жылғы түлегі) – «ПТЭЦ-2» ЖШС, «СевКазЭнерго» АҚ турбина цехінің буын турбинасының машинисті»;

Рогачев Сергей (2015 жылғы түлегі) – «ПТС» ЖШС, «СевКазЭнерго» АҚ жылу желілерінің жабдығын жөндеу бойынша 4 дәрежелі слесарь;

Тимаев Вадим (2015 жылғы түлегі) – «ПТС» ЖШС, «СевКазЭнерго» АҚ жылу желілерінің жабдығын жөндеу бойынша 4 дәрежелі слесарь.

Дөңгелек үстел кезінде келесі мәселелер талқыланды:

1. Колледждің түлек-студентінде қандай кәсіби және жеке қасиеттері болу керек?

2. Жас мамандарға қандай талаптар қойылады?

3. Энергетика саласында мансапқа жету үшін не істеу керек?

4. Кәсіпорындарда жас мамандарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдемелер бар ма?

5. Мансапқа жету үшін жоғары білім керек пе? және т.б.

Қонақтар студенттердің қойған сұрақтарына белсене жауап берді, өзінің кәсіптік қызметі туралы айтып берді, тәжірибемен бөлісті. Түлектердің көбі жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруда, (сырттай бөлімде), бұл энергетика саласында мансапқа жетудің бірден бір мүмкіндігі болып табылады.

Диалогке қатысқандар қонақтардың сапалы құрамын және іскери қарым-қатынастардың тиімділігін, жастарды ынталандыруға арналған жағдайларды жасауды атап бағалады.

Кештің соңында шақырылған түлектер колледж оқытушыларына білім сапасы үшін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға көмектескен білімдері үшін алғыстарын білдірді. Осыны колледждің «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандығы бойынша түлектердің жұмысқа орналастыру мониторингі растайды. Кездесу жылы өтті. Студенттер жас мамандарға алғыстарын білдіріп, бұл іс-шараның маңыздылығын атап бағалады. Дөңгелек үстелге қатысушылар болашақта осындай қызықты да қажетті кездесулерді жалғастыруға ниеттерін білдірді.

Подробнее
Страница 392 из 460