ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






07.09.2018
«Тіл мерекесі-ел мерейі»

2018 жылдың 7 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мұғалімдері А. С. Оспанова мен Ж. С. Мусина «Тіл мерекесі-ел мерейі» атты сайыс өткізді. ОВ-21 тобының студенттері сайысты және тілді меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті.

05.09.2018
«Ахмет Байтұрсынов – ірі тұлға»

Бүгін 2018 жылдың 5-қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қабырғасында қазақ халқының ғалымы, лингвисті Ахмет Байтұрсыновтың 146-жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов – ірі тұлға» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараға ПО-11 топ студенттері қатысты. Сынып сағаты барысында студенттер А.Байтұрсынов ғалым, лингвист, қазақ тілінің қалануы мен дамуына үлкен үлес қосқан тұлға ретінде ақпарат алды. Іс-шарада бейне материалдар көрсетілді. Сынып сағатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ақышова Д.Ж. жүргізді.

04.09.2018
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысы

Тілдер күні аясында 2018 жылдың 4-қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде қазақ тілі оқытушысы А.Қ.Кабденовамен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысы өткізілді. Сайыс тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алды және қазақ тілінен өз білімдерін тексерді. Көрермендер үшін викторина жүргізілді. Қазақ тілінде «Қазақстаным», «Айналайын» әндері шырқалды.

29.08.2018
1-қыркүйек – Білім күні

Құрметті студенттер! Жаңа оқу жылымен баршаңызды құттықтаймын!

Студенттік кезең – бұл өміріміздегі ең маңызды кезең! Романтикаға, түрлі қызықтарға, көптеген жағдайлар мен жаңа білімге толы кезең!

Білім бізді дана, ақылды, шыдамды және байқампаз болуға үйретеді, жоғары еңбекақы төленетін жақсы жұмыс табуға және өмірден өз орнымызда таба білуге көмектеседі. Сендерді 1-қырүйекпен құттықтаймын, өз көздеген мақсаттарыңа жетіп, әрдайым алда болуға тілеймін. Терең білім алуға, жақсы оқуға бар күш-жігерлеріңді салуға және өмір жолымызда кездесетін қиындықтарға мойынсынбауға тілектеспін. Өз өздеріңе сеніңдер, алға қойған мақсаттарыңа жетуге еңбектеніңдер, сонда ғана бәрі жақсы болады!

2018 жылдың 1-қыркүйегіндегі Бәйкен Әшімов атындағы колледждің жаңадан қабылданған студенттер үшін Білім күніне арналған салтанатты линейка өтіледі.

Сағат 09.00 колледждің бас корпусында жиналады.

Ауысымды топтар үшін тақырыптық сынып сағаттары өтіледі.

20.06.2018
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атаулы стипендиясын алуға арналған ғылыми жұмыстар байқауы

2018 жылғы 18 маусы күні «PROFENEGY» жобасының аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атаулы стипендиясын алуға арналған ғылыми жұмыстар байқауының ақтық кезеңі өтті. Ғылыми жұмыстарының байқауы жыл сайын өтіп, оған Петропавл қаласы бейінді оқу орындарының үшінші курс оқушылары қатыса алады.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің ІІІ курс студенттері Какунов Мейрам және Богдан Токарев 2018 жылғы байқаудың финалына шықты.

Страница 371 из 460