2019 жылы 14 ақпанда «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының апталығы аясында «Өндірістік технологиялық практиканың қорытындысы» тақырыбында өндірістік техникалық конференция өтті.
IV курс студенттері колледждің әлеуметтік серіктесі – Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімі кәсіпорындарында тәжірибеден өту нәтижелері туралы баяндамалар дайындады: Крапова А. (Мамлютка ст.), Инютина А. (Кондратовка ст.), Белозеров Р. (Петропавл ст., ЭЦ-1 қосыны), Ташланова Д. (Петропавл ст., ОПЦ-5). Тыңдаушылар жаңадан практикадан өтетін ІІІ курс студенттері болды.
Сонымен қатар техникалық конференцияға: Калыков С. Ж. (№5 орталықтандыру бекетінің операторы) және Плятова Т. И. ( «ПетропавлТрансКом» ЖШС қызметкері) шақырылды.
Студенттер конференция жұмысына белсенді қатысып, баяндамашыларға сұрақтар қойды,станция бойынша кезекшінің, тауар кассирлерінің, орталықтандыру бекетінің операторының жұмыс технологиясымен, сондай-ақ поездық және маневрлік жұмыста ақау жағдайларына, сондай-ақ жарақат алу жағдайларына әкеп соқтыруы мүмкін бұзушылықтардың негізгі түрлерімен танысты.
Конференция сенімді және толық өзара түсіністікпен өтті, себебі шақырылған қонақтар біздің колледждің түлектері болып табылады.
2019 жылдың 14 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М. Кабденовамен ПМ-11, Л-11, Э-11 топ студенттері үшін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жылдығына арналған «Звучит набат в сердце солдата» атты ерлік сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: отаншылдыққа тәрбиелеу, Ауғанстанда Солтүстік Қазақстан облысы сарбаздарының интернационалдық борышын орындағандарын мысалға келтіре отырып, отаншылдыққа, әскери ар-намыс пен Отанға деген адалдық туралы түсініктерді қалыптастыру.
Іс-шараға қонақ ретінде солтүстікқазақстандық, жауынгер-интернационалист Кенжеболатов Қайдарбек Төлегенұлы шақырылды, ол әскердегі қызметі туралы естеліктерімен бөлісті.
Іс-шара барысында өлеңдер оқылды, интерактивті тақтада бейнефильмдер: «Мусульманский батальон» в Афганской войне», өлең клиптері көрсетілді: «Боевые действия в Афганистане», «Афганистан – Пришел приказ». Кітапхананың оқу залында «Ауған соғысындағы жолдармен» атты кітап көрмесі рәсімделді.
2019 жылдың 14 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бекіткен «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, сондай-ақ қажетті шараларды қабылдау және білім беру ұйымдарының, күштер мен құралдардың, қорғаныс қызметтерінің көктемгі кезеңде төтенше жағдайлар туындаған кезде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ТЖ бөлімінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша сабақтар өткізілді.
2019 жылдың 11 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» 1203000 мамандығының апталығы басталды.
II, III және IV курс студенттері үшін Петропавл станцияларына экскурсиясы ұйымдастырылды: ЭЦ-2, ЭЦ-3, ДСЦ-2 ( Д-31 топ, оқытушы Шустова Т. А.), жолаушы паркі (Д-21 топ, оқытушы Донец Н. И.), оқу палигоны (Д-22 топ, оқытушы Жаравина Л. Н.), Петропавл ст.мұражайы (ДСП-21 топ, оқытушы Жаравина Л. Н.). Д-31 топ (оқытушы Баймышева Е. Ф.) ФКҚКАА Оңтүстік – Орал темір жолдың Петропавл бөлімшесінің кәсіпорнына барды. Оқытушы Н.И.Донецпен «ПетропавлТрансКом» ЖШС-не экскурсия ұйымдастырылды.
15 ақпанда, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толады. Тоғыз жылдан астам уақыт бойы сарбаздар, офицерлер, медициналық корпус Отан мүдделерін қорғай отырып, лайықты және соңына дейін өзінің қызметтік борышын атқарды. Бұл атаулы күн Қазақстан Республикасында да салтанатты түрде атап өтіледі. Мерейтой қарсаңында өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді тәрбиелеу үшін бірқатар іс-шаралар өтуде.
2019 жылдың 12 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған «Есть в памяти мгновения» атты реквием-кешке шақырылды. Салтанатты іс-шара Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «И. Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхана» КММ-де өтті. Кеш барысында әндер шырқалып, кітаптар мен кинофильмдерден үзінділер оқылды, соғыс ардагерлері жастармен өз естеліктерімен бөлісті.