ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






11.11.2019
«Денсаулық –даналардың артықшылығы» тақырыптық сынып сағаты

2019 жылдың 11 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында «Денсаулық –даналардың артықшылығы» атты тақырыптық сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатын өткізу барысында студенттер денсаулыққа оң және теріс әсер ететін факторларды анықтады, «Денсаулық формуласы», «Көңіл-күй гүлі», «Салауатты өмір салты ағашы» жаттығуларын орындады.

11.11.2019
«Ақылдылар» химия пәнінен зияткерлік ойыны

2019 жылдың 11 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ақылдылар» химия пәнінен зияткерлік ойыны болды. Іс-шараға Д-11, Д-12, ПО-11, Э-11 топ студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің химияға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауды, танымдық қызығушылығын дамыту, студенттердің шығармашылық қызметін ынталандыру, топта жұмыс істеу барысында қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілектестік, қайырымдылықты, қарсыласқа деген құрметті тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер жоғары белсенділік, қызығушылық танытып, химия пәнінен жақсы білімдерін көрсетті.

Жеңімпаз командалар құрмет грамоталарымен марапатталды.

08.11.2019
«КҚН» факультативтік сабақтар аясында «Бизнес - кеңесші» экспресс - курс

2019 жылдың 06.11 – 07.11.аралығында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативтік сабақтар өткізу шеңберінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Л-32 тобында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, СҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бизнес - кеңесші» атты қысқа мерзімді екі күндік курстардан өтті.

Бизнес-тренер Е. Коняхина студенттерге өз бизнесін қалай ашу керектігін, бизнесті жүргізудің заңды негіздері туралы ақпарат берді,маркетинг негіздерін, адам ресурстарын басқару, қаржылық құрамдауыштарды, персоналды басқару негіздерін үйретті.

Студенттер кәсіпкерлік негіздері бойынша теориялық білімдерін өзектендірді, бизнес-жоспар құруды және ақпараттық ресурстарды пайдалануды үйренді, салық режимдерінің қыр-сырын біліп, бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен танысты.

Курс аяқталғаннан кейін атаулы сертификаттар беріледі, олардың болуы «ДКБ-2020» бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға құқық береді.

07.11.2019
«Менің туым, менің Отаным» республикалық акция

2019 жылдың 7 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г.М.Кабденовамен «Менің туым, менің Отаным» республикалық акциясы аясында Э-21 және Т-11 топ студенттері үшін патриоттық сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық жастарды патриотизмге, Отанға және оның рәміздеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамда қалыптасқан мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы стереотиптерді жою.

Іс-шара қонағы «NurOtan» партиясының облыстық филиалының маманы А. С. Аманжолов студенттерді мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және туған өлкесін, өз Отанын сүюге шақырды.

Іс-шараны өткізу барысында студенттер «Қазақстанның рәміздері – мемлекеттің ұлттық мақтанышы» атты тарихи-танымдық викторинаға белсенді қатысты. Интерактивті тақтада «ҚР Мемлекеттік рәміздері» бейнефильмі, слайдтық презентация көрсетілді.

Кітапхананың оқу залында «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

07.11.2019
«Менің туым, менің Отаным» республикалық акция

2019 жылдың 07 қарашасында «Менің Туым,менің Отаным!» акциясына қолдау көрсету мақсатында жастар мен студенттер арасында Мемлекеттік Туды насихаттау және патриоттық тәрбие беру аясында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларымен салтанатты іс-шара өткізілді.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен Қазақстанда «Менің туым, менің Отаным!» акциясы басталды. Осы күндері еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік ту үшін мақтаныш сезімін насихаттау және қалыптастыру үшін патриоттық акциялар өтуде. Ту-мемлекеттің басты рәміздерінің бірі, ол халықтың егемендігі мен бірегейлігін бейнелейді.

Акцияның мақсаты: патриотизмді насихаттау, қазақстандықтардың Мемлекеттік Туға деген құрметін ояту.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының рәміздері, тудың пайда болу тарихы туралы ақпарат ұсынылды, «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты бейнеролик көрсетілді, викторина өткізілді.

Іс-шараға қонақ ретінде Нұр Отан партиясының қалалық Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, «Білім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Таймуллина Шәрбан Нигановна қатысты.

Страница 338 из 460