ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






24.01.2020
«900 ерлік күндері» ерлік сабағы

Ұлы Отан соғысының жылнамасында 900 күн жау қоршауының сақинасында болған Ленинград қаласының батырлық қорғанысы ерекше орын алады. Барлық адамдар үшін планетада бұл қала төзімділіктің, ерліктің, Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншіліктің, халық рухының ғажайып күшінің символына айналды. Қоршаудағы Ленинградтағы өмірдің әр күні-бұл ерлік. Ұрпақтар жадында өшпейтін Ерлік.

Жыл сайын 27 қаңтарда Ленинградты фашистік қоршаудан толық босату күні аталып өтіледі.

2020 жылдың 23-24 қаңтарында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т.А.Таранмен бірінші курс студенттері үшін «900 ерлік күндері» атты ерлік сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында соғыс жылдары туған әндер, О. Берггольц, Д. Жабаев, Ю. Вороновтың өлеңдері оқылды. Интерактивті тақтада слайдтар, бейнефильмдер көрсетілді: «Қоршаудың соңғы күні», «Қоршаудағы Ленинград көрінбейтін ерлігі», «314 – атқыштар дивизиясы».

Кітапхананың оқу залында «Қоршаудағы Ленинград шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

23.01.2020
2020 – Волонтер жылы

2020 жылдың 23 қаңтарда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Л-11 топ студенттері Пытьев Дмитрий, Морозов Дмитрий, Митюрев Николай, Стукало Денис Богун Василий Сергеевичке көмек көрсетті.

23.01.2020
2020 – Волонтер жылы

2020 жылы 23 қаңтарында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің ОВ-31 топ студенттері Васильев Данил, Дерепа Сергей, Бастьян Евгений, Серiк Райымбек және ПМ-21 топ студенттері Лишик Константин, Маляков Евгений, Боев Владимир мен Котенко Никита мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін қоғамға - «Адон – Север» ҚБ көмек көрсетті.

22.01.2020
2020 – Волонтер жылы

21 мен 22 қаңтарда «Қамқор» жобасының аясында колледждің еріктілері еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті:

- ПВ-31 топ студенттері: Елизавета Галкина, Диана Коженевская, Ольга Яковенко Малыгина Галина Григорьевнаға көмектесті;

- ДМ-11топ студенттері: Устила Кирилл, Гагеров Виктор, Ращинин Кирилл, Алексеев Михаил Богун Василий Сергеевичке көмек көрсетті;

- ПМ-32 топ студенттері: Жапаров Тимур, Ражин Кирилл, Панфиленко Владислав, Ращупкин Данила, Баран Ярослав Золотых Вера Васильевнаға көмек көрсетті;

- Т-11топ студенттері: Омельченко Кирилл, Верховых Денис, Давлячина Алина, Гилёва Светлана Славецкая Татьяна Алексеевнаға көмек көрсетті.

18.01.2020
2020 – Волонтер жылы

2020 жылдың 18 қаңтарында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің В-11 топ студенттері Герман Виктор, Даутбаев Диас, Кох Давыд, Кусаинов Рахат, Пережигин Сергей және Халимов Даниил еңбек ардагері Базаров Николай Терентьевичке шаруашылық көмек көрсетті.

Страница 331 из 460